? 2025 жылдың 14 мамыр күні 7-8 сынып оқушыларына арналған «Geo Star» география пәнінен Ұлттық олимпиаданың республикалық кезеңі өтті.

⠀
«Астана дарыны» орталығы, «Ecoforming» қоғамдық экологиялық және білім беру қоры және «National Geographic Qazaqstan» журналының редакциясы бірлесіп ұйымдастыруымен өтіп жатқан олимпиадаға еліміздің 18 аймағынан келген 72 жас географтар қатысты.
⠀
? Республикалық кезең 2 турдан тұрды:
1️⃣ Теориялық тур
2️⃣ Практикалық тур
⠀
? Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың географиялық білімін тереңдетіп, зерттеушілік қабілеттерін дамыту. Олимпиада «Дарын» РҒПО қолдауымен өтті.
⠀
? Терең білім, географияға құштарлық пен зерттеуге дайын оқушыларға сәттілік тілейміз!