? Қалалық «Бала Абай» байқауы
? Хакім Абайдың ғибратқа толы қарасөздері мен жақұт жырларынан тәрбиелік өсиет өнеге аламыз.
? Ұлт мақтанышы, кемеңгер ақын Абайдың балалық шағын дәріптей отырып, шығармаларын сүйіп оқуға баулу мақсатында «Астана дарыны» орталығы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясымен бірлесе
? 2025 жылдың 19 сәуірі күні 2-4 сынып оқушылары арасында қалалық «Бала Абай» байқауын өткізеді.
? Байқаудың мақсаты – ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылығын дәріптеу арқылы жас ұрпақ бойында ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыру.
? Міндеттері:
? дарынды жас оқушыларды қолдау;
? бастауыш сынып оқушыларының көркем әдебиет туындыларын оқуға деген ынтасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту, тапқырлық қырын, дарындылығын таныту;
? өлеңді мәнерлеп жатқа айту арқылы есте сақтау, жаттау қабілеттерін дамыту;
? сөйлеу мәдениетін (сөйлеу техникасын, дауыс ырғағын, дикциясын) қалыптастыру.
?? Байқауға жалпы білім беретін мектептердің 2-4 сынып оқушылары қатысады (2-сыныптан 1 оқушы, 3-сыныптан 1 оқушы, 4-сыныптан 1 оқушы):
? «Толғауы тоқсан қызыл тіл…» шешендік өнер сайысы (2-сынып оқушыларына);
? «Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда» Абай аудармаларын жатқа айту сайысы (3-сынып оқушыларына);
✨ «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» ақын өлеңдерін жатқа айту (4-сынып оқушыларына).
? Өтетін күні: 2025 жыл 19 сәуір
⏰ Тіркеу уақыты: 08:00 – 08:45
? Басталуы: 09:00
? Өтетін орны: Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясы
? Мекенжайы: Астана қаласы, А. Иманов көшесі, 37
