? Астаналық оқушылар V республикалық «Мәшhүр Жүсіп оқулары» байқауына қатысады

? 2025 жылдың 14-16 мамыр аралығында Павлодар облысының ?️ Екібастұз қаласында V республикалық «Мәшhүр Жүсіп оқулары» байқауы (бұдан әрі – Байқау) өтеді.
?️ ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылар арасында өтетін республикалық байқауға ? Астана қаласынан 4 оқушы қатысады.
? Республикалық байқаудың қалалық кезеңінде жеңімпаз атанып, республикалық байқауға қатысуға жолдама алған астаналық оқушылар бүгін ? Екібастұз қаласына жолға шықты.

? V республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауында бақ сынайтын елордалық дарындар:
? Сәбит Каусар, №74 мектеп-гимназиясы, 10-сынып;
? Кайдаулова Аяжан, №73 мектеп-лицейі, 8-сынып;
? Сәби Аянат, А.Байтұрсынов ат. Binom Sckool мектеп-лицейі, 11-сынып;
? Күшімбек Ерасыл, №57 орта мектебі, 8-сынып;

? Байқауға қатысушыларға сәттілік тілейміз!