? 2025 жылдың 18-21 маусым аралығында ұлылар мекені – қасиетті Абай елінде XXVІ республикалық «Абай оқулары» шығармашылық конкурсы (бұдан әрі – Абай оқулары) өтеді.
? Ұлы ақын, ағартушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, жазба әдебиеті мен қазақ әдеби тілінің негізін салушы, реформатор Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының туғанына биыл 180 жыл.
? Осы атаулы датаға орайластырылған мерейтойлық шаралар аясында ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырумен өтетін білім мен өнер додасында елордалық 5 оқушы өнер көрсетеді. Олар:
? 1. «Абайдың асыл мұрасы» номинациясы
? Адай Жұлдыз, №87 мектеп-гимназиясы, 10 – сынып;
? 2. «Абайдың ақын шәкірттері» номинациясы
? Оналова Жансая, №101 орта мектебі, 10-сынып;
? 3. «Әнді сүйсең, менше сүй» номинациясы
? Құрманғали Райхан, №37 мектеп-лицей, 10 – сынып:
? 4. «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» номинациясы
? Азизханқызы Айшабибі, №64 мектеп-лицейі, 10-сынып:
? 5. «Сөз өнеріндегі Ұлы Абай бейнесі» номинациясы
? Махсутханова Айғаным, №87 мектеп-гимназиясы, 11-сынып.
✨ Жас дарындардың жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспіз!