? Жалпы білім беретін пəндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі

? «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы жалпы білім беретін пəндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың ІІІ (қалалық) кезеңін 2025 жылдың 29 сәуір күні жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша, 30 сәуірде қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша №59 мектеп-лицей (Сауран 5/1), №80 мектеп-гимназия (Ш. Қосшығұлұлы, 17/2), №50 мектеп-лицейі (Күйші Дина, 6) базаларында өткізеді.

? 29 сәуір күні
? №59 мектеп-лицей (Сауран 5/1): ? биология, ? информатика, ? география
? №50 мектеп-лицей (Күйші Дина 6): ➗ математика, ⚡ физика, ? химия

? 30 сәуір күні
? №80 мектеп-гимназия (Ш. Қосшығұлұлы, 17/2): ? Қазақстан тарихы, ?? қазақ тілі мен әдебиеті, ?? орыс тілі мен әдебиеті, ? орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, ? қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, ?? ағылшын тілі;
⏰ Басталу уақыты: 10:00

? Қатысушыларға сәттілік тілейміз!