? ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылы 19-21 мамыр аралығында Тараз қаласында 9-11 сынып оқушылар арасында IX республикалық «Шерхан Мұртаза оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауы өтті.
? Қазақтың халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ш. Мұртазаның шығармаларын, қайраткерлік тұлғасын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында өткен шараға Астана қаласынан 3 оқушы қатысты:
?? №63 мектеп-гимназиясының 9 – сынып оқушысы Базарбай Мерей,
?? №87 мектеп-гимназиясының 10- сынып оқушысы Рустемов Габит,
? №107 орта мектебінің 9 – сынып оқушысы Орынбасарова Нұрай.
? Республикалық байқаудың нәтижесінде:
? «Зау тұлға» номинациясында Рустемов Габит III орынды иеленді,
? «Шерхан Мұртаза мұрасы» (ғылыми жоба) номинациясы бойынша Орынбасарова Нұрай,
? «Жүрекке жол тапқан жұлдыз көпір» номинациясы бойынша Базарбай Мерей грамотамен марапатталды.
? Жүлдгерлерді құттықтаймыз!