📍 Өтетін орны: Астана қаласы әкімдігінің №5 «Ақбота» балабақшасы МКҚК (Республика даңғылы, 21/1)
📅 Өтетін күні: 06 мамыр 2025 жыл
⏰ Басталу уақыты: 10:00
📝 Тіркелу уақыты: 09:00-09:45
ℹ️ Ұйымдастырушылар:
Солтүстік өңірлер бойынша мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Бестемше» ұлттық ойыны жарысы «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы» МКҚК (бұдан әрі – орталық) және «Тоғызқұмалақ Зияткерлік Қауымдастығы» РҚБ қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
🎲 Мәдениет пен ойын:
Әлемдік мәдениеттің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын рухани ойын, қисындық ойлау өнерін балабақшаларға кеңінен таратып ойнату арқылы баланың арифметикалық қабілетін ашып, зердесін шыңдауға мүмкіндік береді.
👶 Қатысушылар:
«Бестемше» ұлттық ойынын балалар арасында кеңінен насихаттау және бұқаралық сипатын арттыру мақсатында Солтүстік өңірлерден: Көкшетау, Екібастұз, Петропавл, Теміртау қалаларынан 26 ойыншы келуі күтілуде.
Сонымен қатар, жарысқа Астана қаласының намысын қорғайтын қалалық кезеңнің жеңімпаз, жүлдегерлері 7 ойыншы, барлығы 33 ойыншы қатысады.
👨👩👧👦 Қосымша іс-шара:
Жарысты ұйымдастыру бағдарламасында қатысушы балалардың ата-аналары арасында алғашқы рет тартысты ойын өтеді.
⚖️ Төрешілер:
Өңірлік төрешілер құрамы «Бестемше» ұлттық ойын ережесін меңгерген нұсқаушы-жаттықтырушылардан құрылды.
🏅 Жүлделер:
Жекелей есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
🏆 Бас жүлде және орталықтың кубогы
🥇 І дәрежелі диплом және медаль
🥈 ІІ дәрежелі диплом және медаль
🥉 ІІІ дәрежелі диплом және медаль
📜 Қатысушылар ынталандыру грамоталарымен марапатталады
📄 Қатысқаны үшін сертификаттар тапсырылады
📌 Ұйымдастырушылардың мекенжайы:
Астана қаласы, Қабанбай батыр, 33, Нұра ауданы әкімдігінің ғимараты, 5 қабат, 515 кабинет
📞 Анықтамалар үшін телефон:
📱 87014267642 – Махсат Есенбекұлы
📱 87787421181 – Нұржамал Жетіруқызы