? «Мұқағали Мақаетаев оқулары» республикалық конкурсында елордалық дарындар III орын және арнайы диплом иеленді

? 2025 жылы 11-12 маусым күндері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен
? Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында «Мұқағали Мақаетаев оқулары» республикалық конкурсы өтті.

? Ұлттық поэзияны жаңа бір белеске көтерген қазақ поэзиясының символы Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған республикалық конкурсқа еліміздің барлық өңірлерінен жас өрендер қатысып, бақ сынады.

?‍? Адамзатқа ортақ ақиқатты жырлаған ақынның сыршыл лирикасынан сусындап, қазақтың қара өлеңінің шынайы қасиеттерімен қаруланған астаналық оқушылар:

Болатов Ерасыл

Абсаттарова Аяулым

Амезхан Анель

республикалық конкурсқа қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

? Конкурс нәтижесінде:

«Жыр эстафетасы» номинациясы бойынша Амезхан Анель (№24 ОМ, 10-сынып) — ? III орын

«Айтып өткен ақында арман бар ма?» номинациясы бойынша Болатов Ерасыл (Қ.Сәтбаев ат. Binom School МЛ, 10-сынып) — ? арнайы дипломмен марапатталды

? Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз!

https://www.instagram.com/p/DK6X5mKvmW2