🏆 «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсы

🏆 «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсының жеңімпаздары анықталды.
🎉 Елорда қоржынында екі күміс!

📅 2025 жылы 20-21 мамыр күндері
📍 Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
🔹 Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
🔹 «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен
«Әбіш оқулары» республикалық ғылыми шығармашылық конкурсы өтті.

✍️ Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының шығармашылығын насихаттау мақсатында өткізілген шара бүгін өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар марапатталды.

👥 Еліміздің барлық өңірлерінен 100-ге жуық оқушы қатысқан бұл республикалық конкурста Астана қаласынан 3 оқушы және 1 команда бақ сынады.

📚 Жалпы білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары арасында
4 номинация бойынша өткен байқау қорытындысы бойынша астаналық дарындар екі бағытта жеңімпаз атанды:

🎤 «Ә. Кекілбаевтың прозалық және поэзиялық шығармалары бойынша мәнерлеп оқу»
🥈 Аманбай Айзере, №64 МЛ, 11-сынып

🎭 «Ә. Кекілбаев шығармаларынан сахналық қойылым»
🥈 №86 мектеп-гимназиясының командасы
Құрамында:

  • Нұрмағанбетов Сағыныш
  • Шойбек Нұрай
  • Жоламан Дарын
  • Серікбай Хадиша
  • Әртелбек Ағжан
    (Барлығы – 9-сынып оқушылары)

🎨 «Ә. Кекілбаев шығармалары бойынша иллюстрациялық сурет салу»
📜 Грамота – Баржақсы Асылжан, №89 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы

🎉 Жеңімпаздарды жүлделерімен құттықтаймыз!

https://www.instagram.com/p/DJ7DLIAP2A_