? І «Бескеней» қалалық ұлттық ойын жарысының аудандық кезеңі

? «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы
? Астана қаласы «Асық ойыны» федерациясы қоғамдық бірлестігінің қолдауымен

? Ықшамдалған қарапайым ойын арқылы:

⚽️ спорттық шеберлікті

? мергендікті жетілдіру,

?? ұлттық ойынды балалар арасында кеңінен насихаттау мақсатында

? мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі мектепалды даярлық топтары арасында
? І «Бескеней» қалалық ұлттық ойын жарысының аудандық кезеңін
? 2025 жылдың сәуір айының 21 күні,
ал ? аудандар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арасында қалалық кезеңін
? 22 сәуірде ұйымдастырып өткізетінін хабарлайды.

? І «Бескеней» қалалық ұлттық ойын жарысының аудандық кезеңіне қатысу үшін
мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі мектепалды даярлық топтары арасынан
? балабақша ішіндегі іріктеуден өткен
? 1 ұл және ? 1 қыз бала тәрбиеленушіге өтінім қабылданды.

? Қатысушы ойыншыларға сәттілік тілейміз! ?✨