? Алматы қаласында өткен I Жас зерттеушілер форумындаүздік баяндама жасаған астаналық оқушы III дәрежелі дипломмен марапатталды

? Бүгін, 2025 жылы 16 мамырда Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі және ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен Алматы қаласында алғаш рет Жас зерттеушілер форумы өтті.

? Ғылымға, зерттеу мен инновациялық қызметке қызығушылық танытқан мектеп оқушыларынның басын қосқан форумға еліміздің әр өңірінен 400-ден астам республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған дарынды мектеп оқушылары қатысты.

? Оқушылар арасында ғылыми ойлауды дамыту, шығармашылық бастамаларды қолдау және ғылыми білімді кеңінен насихаттау мақсатында өткен шараға Астана қаласынан 6 оқушы:

?‍? Нағашбай Аружан (№107 ОМ)
?‍? Жұмаш Азат (№64 МЛ)
?‍? Бектурганов Марсель
?‍? Сапарбай Қадыр
?‍? Канатова Данеля («Skillset Schools»)
?‍? Аманова Дияна (№38 МЛ)
өздерінің ғылыми-зерттеу жобалары мен әзірлемелерін таныстырды.

? Форум жұмысының қорытындысы бойынша үздік баяндама жасағаны үшін Астана қаласындағы №64 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Жұмаш Азат III дәрежелі дипломмен марапатталды.

? Ғылыми және инновациялық жобалары мен әзірлемелердің көрмесіне қатысып, өз ғылыми жобаларын ұсынған қалған қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

? Жас дарындарды жетістіктерімен құттықтаймыз!

https://www.instagram.com/p/DJuJfKctejG