? Астаналық дарындар оқушыларына арналған «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша Халықаралық ғылыми конкурсында ?1 күміс, ?5 қола медаль иеленді
? 2025 жылы 9-11 сәуір аралығында Астана қаласында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының (бұдан әрі – «Дарын» РҒПО) ұйымдастыруымен 9-11(12) сынып оқушыларына арналған «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша Халықаралық ғылыми конкурсы өтті ? (бұдан әрі – ғылыми конкурс).
? Ғылыми конкурстың негізгі мақсаты – ғылыми-зерттеу қызметіне қатысты балалардың және жасөспірімдердің қызығушылығын дамыту ?; отандық және әлемдік ғарыш жетістіктерін насихаттау ?; ғарыштық және ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты ынталандыру ?.
? Елордадағы әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының базасында өткен ғылыми конкурсқа Англия ??, Ресей ??, Қырғызстан ??, Өзбекстан ?? елдерінен, Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан және «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен», республикалық физика-математикалық мектептерінен 100-ге жуық 9-11(12) сынып оқушылары қатысып, «Ғарыштық техника және инфрақұрылым», «Ғарыштық ақпараттық технологиялар және модельдеу», «Күн жүйесі және ғарыш физикасы» және «Биология және ғарыштық медицина» секциялары бойынша бақтарын сынады ?.
? Конкурсқа Астана қаласынан 6 оқушы қатысып, алтауы да жеңіс тұғырынан көрінді ?. Олар:
? ІІ орын:
Сулеймен Ханзере, 93 МЛ, 11-сынып;
? ІІІ орын:
Холматов Алишер, Ә.Бөкейхан ат. BINOM SCHOOL МЛ, 11-сынып;
Желдикбай Ерсаин, №9 «Зерде» МЛ, 11-сынып;
Ерғабыл Жалғас, №9 «Зерде» МЛ, 11-сынып:
Жөкен Қарлығаш, Ы.Алтынсарин ат. BINOM SCHOOL МЛ, 10-сынып;
Амангельдинова Камила, Ы.Алтынсарин ат. BINOM SCHOOL МЛ, 10-сынып.
? Жеңімпаздарды құттықтаймыз! ?

