? Елордалық дарындар «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсына қатысады

? 2025 жылы 23-25 маусым аралығында Петропавл қаласында «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсы (бұдан әрі — Конкурс) өтеді.
?️ ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен білім беру мекемелерінің 7-11 сынып оқушылары арасында өтетін конкурсқа Астана қаласынан 3 оқушы қатысып,
? «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім»,
? «Жасынан оқу оқып, өнер қуған»
және
? «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» номинацияларында өнер көрсетеді:

1️⃣ №24 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Құмарбек Еркебұлан
? /«Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» – Мағжан өлеңдерін жатқа оқу/;

2️⃣ №52 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Қасен Айару
? /«Жасынан оқу оқып, өнер қуған» – ғылыми жоба жұмысы/;

3️⃣ №87 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Азаматқызы Саяжан
? /«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» – жас дарындар/.

? Конкурсқа қатысушыларға сәттілік тілейміз! ?