ІІ қалалық «Бестемше» ұлттық ойыны жарысының қорытындысы 

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және  қолдау орталығы

Астана қаласы тоғызқұмалақ федерациясымен бірлесе отырып  аудандық кезеңнің           16 жеңімпаз-жүлдегер арасында қалалық  «Бестемше» ұлттық ойыны жарысын 2023 жылдың наурыз айының 17 күні №5 «Ақбота» балабақшасында өткізді.

      Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясы және халықаралық деңгейдегі жаттықтырушылардың, тоғызқұмалақтан халықаралық дамыту дәрежедегі спорт шебері, мемлекеттік степендия иегерінің төрелік етуімен ІІ «Бестемше» ұлттық ойын жарысы        4 аймаққа бөлініп, бірнеше айналымда ұйымдастырылды.

     Ұлттық ойын айналымында аймақтар бойынша жеңген №85 “Мейіржан ” б/б,

 №5 “Ақбота” б/б, №66 “Толағай ” б/б, №71 “Мөлдір” б/б қатысушылары арасында жүлделі орындар иегері атағына лайықты қызу тартысты ойын өтті.  

     Төрешілердің шешімімен І дәрежелі диплом және алтын медаль №85 “Мейіржан “,

№5 “Ақбота”, №71 “Мөлдір” балабақшаларының тәрбиеленушілерінің еншісіне тисе, №66 “Толағай ” балабақшасының тәрбиеленушісі ІІ дәрежелі диплом мен күміс медаль иеленді.

   Барлық қатысушыларға  (№25 “Таңшолпан”,№44 “Үркер”,№92 “Жауқазын”,              №56 “Береке”,№70 “Құлыншақ”,№12 “Қарлығаш”, №28 «Жұлдыз» санаториялық б/б,

№94 “Сұңқар”,№79 “Шабыт”,№36 “Балапан”,№69 «Еркем-ай», №47 “Ақ желкен”б/б) ынталандыру грамотасы тапсырылды.

     Жарыстың жоғары деңгейде өтуіне қосқан үлесі үшін  Жолбарысова Мөлдір Айткалиевна басшылық етіп отырған №5 «Ақбота» балабақшасының ұжымына алғысымызды білдіреміз.