ІІ Республикалық Мәшһүр-Жүсіп оқулары

2022 жылдың  13 мамыр күні Екібастұз қаласында 8-11 сынып оқушылары арасында II республикалық Мәшһүр-Жүсіп оқулары     өтті.

Оқулардың мақсаты – Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының рухани мұрасын дәріптеу, тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту, әдебиетті, тіл мен өнерді құрмет тұтатын оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ұштау.

Конкурста елордалық дарынды оқушылар жоғары нәтиже көрсетті:

“Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген” – жазба ақындар мүшәйрасы номинациясы бойынша  №66 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Анияр Мұқаш  – ІІІ орын;

 “Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы” – ғылыми зерттеу жобасын қорғау номинациясы бойынша  №58 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Сақтаған Дильназ – “Зейінді зерттеуші” арнайы жүлде.

Жүлдегерлерді құттықтаймыз!