2022 жылғы 4 сәуірде “Астана дарыны” дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының ғылыми кеңесшісі, Қазақстан Педагогика Ғылымдары Академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы (ҚР), әлеуметтану ғылымдарының докторы (РФ), профессор А. Н Тесленко Қазақстанда Ғылым күніне орайластырылған іс-шаралар аясында “”ASTANA POLYTECHNIC” жоғары колледжінде “Әлеуметтік зерттеуді қалай жүргізу керек?”тақырыбында шеберлік сабағын жүргізді.
Максаты: оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру және жүргізудің практикалық дағдыларын қалыптастыру, әлеуметтік зерттеудің әлеуетін пайдалану есебінен ғылыми жобалардың сапасын арттыру.
Шеберлік сабағына қатысқандар: 36 адам; 1-3 курс студенттері.
А. Н Тесленко студенттерді социологиялық сауалнама әдіснамасымен, технологиясымен және рәсімімен таныстырды.
Ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылық танытқан студенттер ғылыми-зерттеу жобаларын ұйымдастыру және өткізу бойынша практикалық дағдылар алды, социологиялық сауалнаманың әдіснамасымен, технологиясымен және процедурасымен, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарының басқа да танымал техникаларымен танысты.
Қорытындылай келе, Х-ші Халықаралық “Ювенологиялық оқулар-2022” ғылыми-зерттеу конференциясына материалдар дайындау барысында студенттердің ғылыми – зерттеу қызметінің практикалық дағдылары жақын арада сұранысқа ие болады деп айта аламыз. (2022 жылғы 20-22 сәуір).
Конференцияның басты назарында-жастар мәселесіне заманауи көзқарас жас ұрпақтың көзімен деген ұғым дәлелденді.