2021 жылғы 15 наурызда «Математикалық шайқас» жас математиктер турнирі өтті. Турнир ұйымдастырушылары Павлодар қаласының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы. Турнирге Алматы, Қарағанды және Павлодар облыстарынан, сондай-ақ Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан 13 командадан 52 оқушы қатысты. Елордалық команданың құрамында мамандандырылған мектептермен қатар биыл мектеп –гимназиялардан да командалар өз үлесін қосты: Дарынды ер балаларға арналған “Білім-инновация лицейі” командасы, “NURORDA” лицейі мен №9 “Зерде” және №82 “Дарын” мамандандырылған мектептерінің, №3 және №6 гимназияларының құрама командалары.
Елордалық командалар жақсы нәтиже көрсетіп, лайықты марапатқа ие болды. Үшінші орынды “Пифагор” (№3 және №6 Гимназия), “Зерде” (№9 және №82 мектептер), “NURORDA” лицейі мен Дарынды ер балаларға арналған “Білім-инновация лицейі” командасы күміс медальға қол жеткізіп, тиісінше екінші орынды иеленді. Елордалық команда «Математикалық шайқаста» 100 пайыз сапа көрсетті. Жас математиктерді жеңісімен құттықтаймыз!