Бүгін, 16 сәуірде № 54 мектеп-лицейінің базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық (қалалық) кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Облыстық ( қалалық) кезеңде барлығы 1443 елордалық оқушы бақ сынасты, оның ішінде 634-і жеңімпаз және жүлдегер атанды (І орын-84; ІІ орын-210; ІІІ орын – 340 оқушы).
Қалалық кезеңде жүлделі орын бойынша алдыңғы үздік үштіктен көрінген мектептер марапатталды.
Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша “Үздік олимпиадалық команда-2022” атанған мектеп-гимназиялар:
І дәрежелі диплом- #3 мектеп-гимназиясы; ІІ дәрежелі диплом-#6 гимназия; ІІІ дәрежелі диплом-#86 мектеп-гимназиясы.
Мектеп-лицейлер арасында:
І дәрежелі диплом- #60 мектеп-лицейі; ІІ дәрежелі диплом- #62 мектеп-лицейі, ІІІ дәрежелі диплом-#66 мектеп-лицейі.
Мамандандырылған мектептер арасында:
І дәрежелі диплом- ер балаларға арналған “Білім-инновация”лицей-интернаты, ІІ дәрежелі диплом-#9″ Зерде” ММ, ІІІ дәрежелі диплом-қыз балаларға арналған “Білім-инновация” лицей-интернаты.
Жеке білім беру мекемелері арасында:
І дәрежелі диплом-“NURORDA” лицейі, ІІ дәрежелі диплом-“Экономикалық лицей”, ІІІ дәрежелі диплом-“Елордалық” лицейі.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша мектеп-гимназиялар арасындағы үздік олимпиадалық командалар:
І дәрежелі диплом- #3 гимназия, ІІ орын-#6 гимназия, #17 мектеп-гимназиясы; ІІІ дәрежелі диплом-#46 мектеп-гимназиясы.
Мектеп-лицейлер арасында:
І дәрежелі диплом-#70 мектеп-лицейі, ІІ дәрежелі диплом- #66 мектеп-лицейі, ІІІ дәрежелі диплом-#72 мектеп-лицейі;
Мамандандырылған мектептер арасында:
І дәрежелі диплом-#82 мамандандырылған лицейі, ІІ дәрежелі диплом-“Білім инновация “лицейі (қыздар), ІІІ дәрежелі диплом- “Білім-инновация ” лицейі (ер балалар) және #9 “Зерде” мамандандырылған мектебі.
Жеке білім мекемелері арасында:
І дәрежелі диплом-“Елордалық” мектебі, ІІ дәрежелі диплом-“NURORDA” МЛ және “Экономикалық лицей”, ІІІ дәрежелі диплом- “Центральная”.
“Абсолютті жеңімпаз-2022” номинациясының иегері-“NURORDA” мл 11 сынып оқушысы Назарбай Нұрдәулет.
Олимпиаданың ең жас қатысушысы болып, 9 сынып тапсырмаларын орындап жүлделі орынды иеленген-8 сынып оқушысы Әлінұр Несіпбек (БИЛер).
Республикалық олимпиадада Нұр–Сұлтан қаласының атынан 193 оқушы қатысады, оның ішінде 99 оқушы – қоғамдық-гуманитарлық бағытта, 94 оқушы – жаратылыстану-математикалық бағытта.
Олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
ФОТО
https://drive.google.com/drive/folders/1YhccgpBw8fVBkKILAIc6q3Ww_mk1lWBV