2021 жылдың 8-12 қаңтар аралығында математика, физика және
информатика пәндері бойынша Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Бұл Олимпиада биыл алғаш рет онлайн режимде өткізіліп отыр.
Оған Қазақстан, Австралия, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Болгария, Грузия, Дания, Үндістан, Индонезия, Иран, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Румыния, Сербия, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан Украина сияқты әлемнің 21 елінен 146 командадан 1006 оқушы қатысты. Олимпиаданың ерекшелігі – дәстүрлі түрде олимпиада физика-математика бағытындағы мамандандырылған мектептер арасында бірден үш пән бойынша өткізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласының командасын елорданың 4 мектебінен (“NURORDA” мектеп-лицейі, жасөспірімдерге арналған БИЛ, “SPECTRUM” халықаралық мектебі, №9 “Зерде” мамандандырылған мектебі) 24 оқушы бақ сынасты. Осылайша біздің команда Олимпиадада сәтті өнер көрсетіп, сәйкесінше жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Дарынды оқушылар елордалық қоржынды 13 медальмен толықтырды, оның ішінде: 1 алтын, 5 күміс және 7 қола медаль.
Олимпиаданың 40 жеңімпазы мен жүлдегеріне Қазақстанның жетекші университеті, техникалық, өнеркәсіптік және экономикалық салаларда жоғары білікті мамандарды даярлауда көшбасшы оқу орындарының бірі – Қазақстан-Британ Техникалық Университетіне елордамыздың 9 оқушысына білім беру гранттарының берілгені олимпиаданың жоғары деңгейін көрсетеді. Халықаралық Жәутіков олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының рейтингіне сәйкес еліміздің үздік техникалық жоғары оқу орындарының үштігіне кіретін ҚБТУ грантына ие болуымен құттықтаймыз