2024 жылдың қараша айында 30 іс-шара өткізілді ( 2 – қаладағы мектепке дейінгі мекемелер үшін).
Бұл іс-шараларға 7442 адам қатысты: 507 мұғалім, 6763 елордалық мектептердің оқушылары және 172 мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері.
№ | Санат | Іс -шаралар саны | Қатысушылар саны | Гран-при | І орын | ІІ орын | ІІІ орын | Барлық орындар |
1. | Республикалық | 4 | 419 | 155 | 4 | 4 | 163 | |
2. | Аймақтық | 2 | 156 | 12 | 21 | 38 | 70 | |
3. | Қалалық | 11 | 1604 | 1 | 103 | 226 | 346 | 676 |
4. | Аудандық | 6 | 4172 | 283 | 669 | 870 | 1822 | |
5. | Іріктеу кезеңі | 3 | 610 | |||||
6 | Барлығы | 26 | 6961 | 1 | 674 | 920 | 1258 | 2731 |
7 | Басқа | 4 | 481 | |||||
8 | Барлығы | 30 | 7442 |
4 республикалық байқауға 419 оқушы қатысты, олардың 163-і жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды:
I орын – 155;
II орын – 4;
III орын – 4.
Педагогикалық шеберлік және ұйымдар арасындағы жобалар бөлімі 2 өңірлік іс-шара ұйымдастырды (1-еуі педагогтерге, 1-еуі оқушыларға), жалпы 156 адам қамтылды:
- 26 педагог;
- 130 оқушы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер саны – 70 (15 педагог пен 56 оқушы):
I орын – 12 (2 педагог және 10 оқушы);
II орын – 21 (5 педагог және 16 оқушы);
III орын – 38 (8 педагог және 30 оқушы).
“Астана дарыны” орталығы 11 қалалық іс–шара өткізді (1-еуі педагогтерге, 9-ы оқушыларға, 1-еуі мектепке дейінгі мекемелерге), жалпы 1604 адам қамтылды:
50 педагог;
1486 оқушы;
68 мектепке дейінгі мекеме тәрбиеленушісі.
Нәтижесінде:
Бас жүлде – 1 (оқушы);
I орын – 103 (5 педагог, 83 оқушы, 15 мектепке дейінгі тәрбиеленуші);
II орын – 226 (6 педагог, 199 оқушы, 21 мектепке дейінгі тәрбиеленуші);
III орын – 346 (8 педагог, 320 оқушы, 18 мектепке дейінгі тәрбиеленуші).
6 аудандық байқауға 4172 адам қатысты:
313 педагог;
3859 жалпы білім беретін мектеп оқушылары.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер саны – 1822 (132 педагог пен 1690 оқушы):
I орын – 283 (21 педагог және 262 оқушы);
II орын – 669 (49 педагог және 620 оқушы);
III орын – 870 (62 педагог және 808 оқушы).
3 іріктеу байқауына 610 адам қатысты:
- 506 оқушы;
- 104 мектепке дейінгі тәрбиеленуші.
№ | Қатысушылар санаты | Іс-шаралар саны | Қатысушылар саны | Бас жүлде | І орын | ІІ орын | ІІІ орын | Барлығы |
1 | Педагогтер | 3 | 389 | 28 | 60 | 82 | 170 | |
Мектеп оқушылары | 21 | 6400 | 1 | 631 | 839 | 1158 | 2507 | |
2 | Мектеп жасына дейінгі балалар | 2 | 172 | 15 | 21 | 18 | 54 | |
Барлығы | 26 | 6961 | 1 | 674 | 920 | 1258 | 2731 |
Интеллектуалдық іс-шараларды ұйымдастыру және халықаралық ынтымақтастық бөлімі
2024 жылдың қараша айында аталған бөлімде 11 іс-шара өткізілді, оның ішінде: 1 республикалық, 3 қалалық, 6 аудандық, 1 іріктеу. Аталған іс –шараларға Астана қаласынан 4056 оқушысы қатысып, 1751 қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанды, 110 қатысушы іріктеуден өтті:
I орын – 263;
II орын – 644;
III орын – 844.
Мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері үшін 2 іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді, оған 172 адам қатысып, 54 адам жеңімпаз және жүлдегер атанды: 1 орын – 15, 2 орын – 21, 3 орын – 18. «Көркемсөз шеберлері» мәнерлеп оқу байқауының қалалық кезеңіне 75 қатысушы жолдама алды.
№ | Іс – шаралар | Қатысушылар саны | Жүлделі орындар | |||
І | ІІ | ІІІ | Барлығы | |||
1. | 8-11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасының І аудандық кезеңі | 70 | ||||
2. | 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық «АЛТЫН САҚА» | 737 | 45 | 136 | 171 | 352 |
3. | Жалпы білім беретін пəндер бойынша 5 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың II (аудандық) кезеңі | 808 | 47 | 168 | 179 | 394 |
4. | Жалпы білім беретін пəндер бойынша 6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың II (аудандық) кезеңі | 796 | 59 | 118 | 179 | 356 |
5. | 5–6 сынып оқушылары арасында математика және ағылшын тілі пәндерінен қалалық «JAS ERUDIT» олимпиадасының аудандық кезеңі | 411 | 30 | 53 | 101 | 184 |
6. | 3–4 сынып оқушыларына арналған республикалық «АЛТЫН САҚА» олимпиадасының аудандық кезеңі | 841 | 59 | 114 | 131 | 304 |
7. | Қалалық «Көркемсөз шеберлері» мәнерлеп оқу байқауының іріктеу кезеңі | 104 | ||||
8. | 8–11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасының ІІ қалалық кезеңі | 34 | 2 | 8 | 8 | 18 |
9. | Жаратылыстану -математика циклы бойынша XVII Президенттік олимпиаданың (математика, физика, химия, биология пәндері бойынша) республикалық кезеңі | 16 | 1 | 3 | 4 | |
10. | 5–6 сынып оқушылары арасында математика және ағылшын тілі пәндерінен қалалық «JAS ERUDIT» олимпиадасы | 171 | 6 | 25 | 54 | 85 |
11. | Қалалық «Көркемсөз шеберлері» мәнерлеп оқу байқауы | 68 | 15 | 21 | 18 | 54 |
Барлығы: Іс-шаралар – 11 | 4056 | 263 | 644 | 844 | 1751 |
1) 2024 жылдың 5 қараша күні 8-11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасының І аудандық кезеңі №6 гимназия базасында өтті. Олимпиадаға жалпы білім беру мекемелерінен 70 оқушы қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған 35 оқушы ІІ қалалық кезенге жолдама алды.
2) 2024 жылдың 9 қараша күні 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық «АЛТЫН САҚА» олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Олимпиаданың аудандық кезеңіне 737 оқушы қатысып, 352 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: І орын – 45, ІІ орын – 136, ІІІ орын – 171.
3) 2024 жылдың 14 қараша күні жалпы білім беретін пəндер бойынша 5 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың II (аудандық) кезеңі өтті. Олимпиадаға 808 оқушы қатысып, 394 жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды: І орын – 47, ІІ орын – 168, ІІІ орын – 179.
4) 2024 жылдың 15 қараша күні жалпы білім беретін пəндер бойынша 6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың II (аудандық) кезеңі өтті. Олимпиадаға 796 оқушы қатысып, 356 жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды: І орын – 59, ІІ орын – 118, ІІІ орын – 179.
5) 2024 жылдың 16 қараша күні «Oqu Times» білім беру орталығымен бірлесе отырып,5–6 сынып оқушылары арасында математика және ағылшын тілі пәндерінен қалалық «JAS ERUDIT» олимпиадасының аудандық кезеңін өткізді. Олимпиадаға елордалық білім беру мекемелерінен 411 оқушы қатысты. Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша 184 жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды: І орын – 30, ІІ орын – 53, ІІІ орын – 101.
6) 2024 жылдың 16 қараша күні 3–4 сынып оқушыларына арналған республикалық «АЛТЫН САҚА» олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Олимпиаданың аудандық кезеңіне 841 оқушы қатысып, 304 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: І орын – 59, ІІ орын – 114, ІІІ орын – 131.
7) 2024 жылдың 19 қараша күні мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қалалық «Көркемсөз шеберлері» мәнерлеп оқу байқауының іріктеу кезеңі өтті. Іріктеу кезеңге 104 қатысушы қатысып, қалалық кезеңге 75 қатысушы өтті.
8) 2024 жылдың 20 қараша күні 8–11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасының ІІ қалалық кезеңі №6 гимназия базасында өтті. Олимпиадаға жалпы білім беру мекемелерінен 34 оқушы қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды: I орын–2; II орын–8; III орын–8.
9) 2024 жылдың 19–22 қараша аралығында Астана қаласында 11(12)–сынып түлектеріне арналған жаратылыстану–математика циклы бойынша XVII Президенттік олимпиаданың (математика, физика, химия, биология пәндері бойынша) республикалық кезеңі өтті. Республикалық кезеңге Астана қаласынан жалпы білім беру мекемелерінен 16 білім алушы қатысты. Республикалық кезенінің қорытындысы бойынша 4 оқушы жүлделі орындарға ие болды: II орын–1; III орын–3.
10) 2024 жылдың 23 қараша күні «Астана дарыны» орталығы «Oqu Times» білім беру орталығымен бірлесе отырып, 5–6 сынып оқушылары арасында математика және ағылшын тілі пәндерінен қалалық «JAS ERUDIT» олимпиадасын өткізді. Олимпиадаға елордалық білім беру мекемелерінен 171 оқушы қатысты. Қалалық кезеңнің қорытындысы бойынша 85 жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды: І орын – 6, ІІ орын – 25, ІІІ орын – 54.
11) 2024 жылдың 28 қараша күні мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қалалық «Көркемсөз шеберлері» мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқауға 68 қатысушы қатысып, 54 жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды: І орын – 15, ІІ орын – 21, ІІІ орын – 18.
Дарынды оқушылардың жоба жұмыстары мен конкурстарын ұйымдастыру бөлімі
2024 жылдың қараша айында бөліммен 6 іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді, оның ішінде: 3 республикалық, 3 қалалық. Бұл іс-шараларға Астана қаласынан 1474 оқушы қатысып, 595 қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанды:
I орын – 219;
ІІ орын – 149;
ІІІ орын – 227.
№ | Іс – шаралар | Қатысушылар саны | Жүлделі орындар | |||
І | ІІ | ІІІ | Барлығы | |||
1. | «FIRST» халықаралық конкурсы | 394 | 154 | 154 | ||
2. | Республикалық «Ақберен» өнер байқауы | 6 | 1 | 2 | 3 | |
3. | Республикалық «Әбіш оқулары» ғылыми шығармашылық конкурсы | 3 | 1 | 1 | 2 | |
4. | Абай оқулары» республикалық шығармашылық конкурсының қалалық кезеңі | 186 | 6 | 24 | 44 | 74 |
5. | Қалалық «STEM Олимпиадасы» | 78 команда 250 қатысушы | 13 | 13 | ||
6. | Жалпы орта білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының ІІ (қалалық) кезеңі | 635 | 45 | 122 | 182 | 349 |
Барлығы: Іс -шаралар – 6 | 1474 | 219 | 149 | 227 | 595 |
1) STEM білім беруді дамытудың Жол картасын жүзеге асыру аясында «USTEM Foundation» қоғамдық қорымен бірлесіп 2024 жылғы 9-10 қарашада Б.Төлегенова атындағы креативті мектепте «FIRST» халықаралық конкурсының ұлттық кезеңін өткізді.
Конкурсқа Астана, Алматы, Семей, Көкшетау, Қарағанды қалаларынан жалпы саны 450-ге жуық оқушы (394 елорда оқушылары) қатысып, FTC күрделі инженерлік тапсырмаларды орындау үшін металл конструкциялардан роботтар жасаудан сайысқа түсті. Нәтижесінде Астанадан 20 команда жеңімпаз атанды.
2) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырумен 2024 жылғы 13-15 қарашада Астана қаласында Республикалық «Ақберен» өнер байқауы өтті.
Елордадағы №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінің базасында екі күн бойы өткен өнер байқауына астаналық 6 оқушы қатысып, 6 номинация бойынша бақ сынады. Байқау нәтижесінде «Ақындар айтысы» номинациясында Қайратұлы Абылай (№76 МЛ, 9- сынып) 1-орынды, «Көркемсөз оқу» номинациясында Азаматқызы Саяжан (№87 МГ, 11-сынып) және «Эссе жазу» номинациясында Мұрат Ажар (№84 МЛ, 10-сынып) 2-орын иеленді.
3) Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырумен 2024 жылғы 28-29 қарашада Маңғыстау облысының Ақтау қаласында республикалық «Әбіш оқулары» ғылыми шығармашылық конкурсы өтті.
Жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында 4 номинация бойынша өткен конкурсқа Астана қаласынан 3 оқушы және 1 команда бар.
Конкурс қорытындысында: І орын – 1, ІІ орын – 2
4)2024 жылғы 23 қарашада «Абай оқулары» республикалық шығармашылық конкурсының қалалық кезеңі өтті.
Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясыныңбазасындаөткен конкурсқа елорданың білім беру мекемелерінен 186 оқушы қатысып, «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы», «Абайдың қара сөздері», «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары», «Көңілім әнді ұғады», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» және «Сөз өнеріндегі Ұлы Абай бейнесі»номинациялары бойынша бақтарын сынады.
Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар саны – 74: І орын – 6, ІІ орын – 24, ІІІ орын – 44. Грамота – 23.
«Абай оқулары» республикалық шығармашылық конкурсына жолдама алған оқушылар:
1. «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы – Тлеміс Айерке, №87 мектеп-гимназиясының, 11 – сынып оқушысы;
2. «Абайдың қара сөздері» номинациясы – Мықтыбек Иляс, №87 мектеп-гимназиясының, 11 – сынып оқушысы;
3. «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы – Оналова Жансая, №101 орта мектебінің, 10-сынып оқушысы;
4. «Көңілім әнді ұғады» номинациясы – Мукашев Тәңірберген, №87 мектеп-гимназиясының, 11 – сынып оқушысы.
5. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы – Азизханқызы Айшабибі, №64 мектеп-лицейінің, 10-сынып оқушысы.
6. «Сөз өнеріндегі Үлы Абай бейнесі» номинациясы – Махсутханова Айғаным, №87 мектеп-гимназиясының, 11-сынып оқушысы.
5) 2024 жылғы 6 қарашада «Quantum Tech School» мектебінің базасында қалалық «STEM Олимпиадасы» өтті. Шара барысында 70 мектептен жинақталған 78 командада 250 дарынды оқушы инженерлік механика, бағдарламалау және 3D модельдеу секілді пәндер бойынша жарысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша 5 үздік команда анықталып, халықаралық Олимпиадаға жолдама алды:
- «FERB» командасы – Ахан Төлеуов, Аслан Ораз ( «Skillset School»);
- «AltF4» командасы – Науан Қалымжан, Нұржан Мұхамедғали, Жаннұр Бекболат (№14 МГ);
- «Гуррендан» командасы – Карим Касымов, Арсен Ержуманов, Әлішер Әлібек (ЖШС «Экономикалық лицей»);
- «Cerebellum» командасы – Ерден Сиязбек, Алихан Мақсұмхан (Ә. Бөкейхан ат. BINOM School МЛ);
- «TTC» командасы – Нұрасыл Рысқұлбеков, Айша Темірхан, Ақбота Даулетбай (№84 МЛ).
6)2024 жылғы 29 қарашада жалпы орта білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының ІІ (қалалық) кезеңі өтті.
Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының базасында 4 бағыт 16 секция бойынша өткен конкурсқа елорданың білім беру мекемелерінен 526 жобамен 635 оқушы қатысты.
Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар саны – 349: І орын – 45, ІІ орын -122, ІІІ орын -182. Грамота – 93.
жоба саны | оқушы саны | жеңімпаз саны | І орын | ІІ орын | ІІІ орын | грамота |
І БАҒЫТ: «Ғылыми-техникалық прогресс экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде» | ||||||
79 | 103 | 59 | 8 | 23 | 28 | 10 |
ІІ БАҒЫТ: «Экономикалық және әлеуметтік үрдістерді математикалық модельдеу» | ||||||
120 | 130 | 66 | 7 | 22 | 35 | 25 |
ІІІ БАҒЫТ. «Салауатты табиғи орта – «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асырудың негізі» | ||||||
101 | 123 | 74 | 9 | 24 | 40 | 10 |
ІV БАҒЫТ. «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар» | ||||||
226 | 279 | 147 | 19 | 53 | 79 | 48 |
БАРЛЫҒЫ: | ||||||
526 | 635 | 346 | 45 | 122 | 182 | 93 |
Педагогикалық шеберлік және ұйымаралық жобалар бөлімі
2024 жылдың қараша айында бөлім 10 іс-шара ұйымдастырды және өткізді (5-і мұғалімдерге, 5-і оқушыларға), оның ішінде: 2 республикалық, 4 қалалық, 2 облыстық, 2 аудандық. Бұл іс-шараларға 1510 адам қатысты: елорда мектептерінен 507 мұғалім және 1003 оқушы.
1003 оқушының 332 қатысушысы жеңімпаз және жүлделі орындарға ие болды:
Бас жүлде – 1;
І орын – 159;
II орын – 67;
ІІІ орын – 105.
389 мұғалімнің ішінен 170 қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанды:
I орын – 28;
II орын – 60;
ІІІ орын – 82.
Сондай-ақ бөлім «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауы қалалық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау және 118 адам қатысқан республикалық оқыту семинарын өткізді.
№ | Іс-шаралар | Қатысушылар саны | Жүлделі орындар | |||||
Гран при | І | ІІ | ІІІ | Орындар саны | ||||
Педагогтердің қатысуымен | ||||||||
1. | «Алтын тұғыр» олимпиадасының аудандық кезеңі | 313 | 21 | 49 | 62 | 132 | ||
3. | «Үздік жыл психологы»конкурсының қалалық кезеңі | 50 | 5 | 6 | 12 | 23 | ||
4. | «Идеялар марафоны» аймақтық байқауы | 26 | 2 | 5 | 8 | 15 | ||
5. | Барлығы: Іс-шаралар – 3 | 389 | 28 | 60 | 82 | 170 | ||
«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі | 95 | |||||||
«Математикадан олимпиада есептерін шешудің әдіс-тәсілдері» тақырыбында республикалық оқу семинары | 23 | |||||||
Басқа (қалалық кезең жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі, республикалық оқу семинары) – 2 | 118 | |||||||
Оқушылардың қатысуымен | ||||||||
6 | Аймақтық Сәкен оқулары | 130 | 10 | 16 | 30 | 56 | ||
7. | Республикалық хакатонның ІІ іріктеу кезеңі | 436 | ||||||
8. | Бейімбет Майлин қалалық оқулары | 126 | 5 | 19 | 25 | 49 | ||
9. | «Kazakhstan Speaks English» ағылшын тілі олимпиадасының аудандық кезеңі | 266 | 22 | 31 | 47 | 100 | ||
10. | «ҰЛЫТАУ» қалалық зияткерлік үстел ойыны | 45 | 1 | 1 | 1 | 3 | 6 | |
Барлығы: Іс -шаралар – 5 | 1003 | 1 | 38 | 67 | 105 | 211 | ||
Жалпы Іс-шаралар – 10 | 1510 | 1 | 187 | 127 | 187 | 502 | ||
1)2024 жылдың 1 қарашасында Астана қаласының білім беру ұйымдарында: № 60 МЛ, №74 МГ, №76 МЛ «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебімен бірлесе отырып, бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған математика пәнінен «Алтын тұғыр» олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді.
Мақсаты – педагогтердің кәсіби құзіреттілігін арттыру, мұғалім тұлғасының шығармашылық әлеуетін дамыту.
Аудандық кезеңге «Алматы», «Сарыарқа», «Байқоңыр», «Есіл» және «Нұра аудандары білім беру ұйымдарының 313 педагогі қатысты.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша қатысушылар келесі нәтижені көрсетті: I орын – 21; II орын – 49; III орын – 62; грамота – 38.
2) 2024 жылдың 8-9 қараша күндері «Астана дарыны» орталығы, CAP Education онлайн бағдарламалау мектебі және Ә.Кекілбаев ат. BINOM SCHOOL МЛ ұйымдастыруымен мектеп оқушыларына арналған республикалық хакатонның ІІ іріктеу кезеңі өтті.
Іріктеу кезеңіонлайн тест форматында өтті, командалар ұйымдастырушылар ұсынған платформа арқылы тапсырмаларды орындады.
Хакатон – мектеп оқушыларына арналған білім беру, дизайн және коммуникациялық форум, ол IT саласындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған, соның ішінде веб-әзірлеу, ойын құру және стартаптар.
Хакатонға 100 команда (436 оқушы) қатысып, олардың 24 – і (121 оқушы) екінші кезеңге өтті.
3) 2024 жылдың 12 қараша күні№80 МГ бірлесе отырып 8-11 сынып оқушылары арасында ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің ақсұңқары Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығына арналған аймақтық Сәкен оқуларын өткізді.
Мақсаты – Сәкен Сейфулиннің өмір жолы мен шығармашылығын, әдеби мол мұрасын жаңғырту, насихаттау, құндылықтарын дәріптеу, талантты, шығармашыл балаларды анықтау және қолдау. Байқауға130 оқушы қатысты. Ережеге сәйкес оқулар 4 номинация бойынша өтті.
Байқаудың қорытындысы бойынша оқушылар төмендегідей нәтиже көрсетті: жалпы орындар саны – 69, оның ішінде I орын – 10, II – 16, III – 30, грамота – 13.
4) 2024 жылғы 18 қарашада № 99 орта мектебінде «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты жиынға 95 жеңімпаз қатысты.
5) 2024 жылдың 22 қарашасында№52 МГ базасында республикалық «Үздік жыл психологы» конкурсының қалалық кезеңі өтті.
Мақсаты – талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіптік біліктілігін көтере алатын психологтарды анықтау, қолдау және ынталандыру.
Конкурсқа білім беру ұйымдарынан 50 педагог қатысты.
Конкурстың қорытындысы бойынша қатысушылар төмендегідей нәтижелер көрсетті: І орын – 5, ІІ – 2, ІІІ – 6, грамота – 12. Барлығы – 23.
6) 2024 жылдың 22 қарашадасында №52 МГ бірлесе 8-11 сынып оқушылары арасында Бейімбет Майлин қалалық оқулары өтті.
Мақсаты – мектеп оқушыларын жазушының тарихи және әдеби мұрасымен таныстыру, рухани құндылықтарын жас ұрпақтың бойына сіңіру.
Оқуларға 64 білім беру ұйымынан 126 оқушы қатысты.
Оқулардың қорытындысы бойынша оқушылар төмендегідей жетістіктерге ие болды: І орын – 5, II – 19, III – 25, грамота – 21.
7) 2024 жылдың 20-22 қараша күндері «Дарын» РҒПО Щучинск қаласында Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжінде математика пәні мұғалімдері арналған «Математикадан олимпиада есептерін шешудің әдіс-тәсілдері» тақырыбында республикалық оқу семинарын өткізді.
Мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, математика пәнінен олимпиада тапсырмаларын шешуде педагогтердің біліктілігі мен дағдыларын жетілдіру.
Семинарға елордалық 16 мектептен 23 педагог қатысты.
8) 2024 жылғы 27 қарашада №91 МГ базасында «Kazakhstan Speaks English» ағылшын тілі олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.
Олимпиадаға мектепішілік кезеңнің 266 жеңімпазы (5-8 сынып оқушылары) қатысты. Қатысушылар төмендегідей нәтиже көрсетті: I орындар – 22, II – 31, III –47. Барлық орындар саны – 100.
9) 2024 жылдың 28 қараша күні онлайн форматта қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын педагогтерге арналған «Идеялар марафоны» аймақтық байқауы өтті.
Байқауға елорда және елорда аумағының қосымша білім беру ұйымдарының 26 педагогі қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар төмендегідей нәтиже көрсетті: І орын – 2, ІІ орын – 5, ІІІ орын – 8, грамота – 3.
10) 2024 жылы 30 қарашада «Астана дарыны» орталығы «Canadian International School» мектебімен бірлесіп 9 сынып оқушылары арасында «ҰЛЫТАУ» қалалық зияткерлік үстел ойынын өткізді.
Мақсаты: Қазақ халқының сан ғасырлық тарихы мен ұлы тұлғаларды дәріптеу арқылы ұлттық сананы қалыптастыру және тарихи мұраны қастерлеу.
Ойынға 45 оқушы қатысып, төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді:
Бас жүлде – 1, I орын – 1, ІІ – 1, ІІІ – 3. Барлық орындар саны – 6.
Медиа сүйемелдеу бөлімі
№ | Іс – шаралар | Қатысушылар саны | Жүлделі орындар | |||
І | ІІ | ІІІ | Барлығы | |||
1. | «21 ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны | 39 | 5 | 5 | ||
Барлығы: Іс-шаралар – 1 | 39 | 5 | 5 |
2024 жылдың 11-12 қарашасында «Спектр» халықаралық мектебінде «Хабар» арнасының қолдауымен «21 ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны өтті.
«21 ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойынының мақсаты: оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін, танымдық және шығармашылық белсенділігін дамыту, ой-өрісін кеңейту.
Ойын екі күн бойы өтті: 11 қараша – іріктеу кезеңі, тестілеу. Тестілеуге қала мектептерінен 11 – сыныптың 39 оқушысы қатысты. Тестілеу нәтижесі бойынша 12 қатысушысы жақсы нәтиже көрсетіп, 12 қарашада өткен ауызша турға өтті.
Ойынның екінші турының қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған 5 финалист: №№32МГ, 52МГ, 85МЛ, Zerdeli халықаралық мектебі, Қадыр Мырза Әлі ат. BINOM SCHOOL МЛ оқушылары «Астана дарыны» орталығының грамотасымен марапатталып, Алматы қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.
«QABILET» кәсіби бағдарлау қызмет бөлімі
№ | Іс – шаралар | Қатысушылар саны | Жүлделі орындар | |||
І | ІІ | ІІІ | Барлығы | |||
1. | «WorldSkills Kazakhstan-2024» IX республикалық кәсіби шеберлік байқауы | 350 | ||||
2. | Оқушылар мен ата-аналардың сұраныстары бойынша кәсіби диагностикалық тестілеуден өткізу мен психологиялық кеңес беру | 13 | ||||
Барлығы: Іс-шаралар – 2 | 363 |
1)2024 жылдың 15 қараша күні Халықаралық «EXPO» көрме орталығында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «WorldSkills Kazakhstan-2024» IX республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Байқауға еліміздің әр өңірінен келген 500-ге тарта қатысушы 28 құзыреттіліктен сынға түсті.
Оқушылардың кәсіби бағдарын арттыру және оларды кәсіптік техникалық мамандықтарға қызықтыру мақсатында көрмеге білім беру мекемелерінен 350-ден астам 8-9 сынып оқушылары қатысты.
«Qabilet» кәсіби бағдарлау қызметі бөлімінің мамандары көрмеге келген оқушыларға экскурсия ұйымдастырып, қызықтырған сұрақтарына жауап берді.
2)Оқушылар мен ата-аналардың сұраныстары бойынша кәсіби диагностикалық тестілеуден өткізу мен психологиялық кеңес беру.
Кәсіби бағдар беру, кәсіби бағыттылық және зияткерлік мүмкіндіктері мен әлеуетін бағалауға байланысты 3 мекемеден 13 оқушы диагностикадан өтті және бөлімнің психолог-консультант мамандары оларға кәсіби бағыттылық бойынша жеке кеңес берді.