«ӘЛИХАН және АЛАШ» зияткерлік үстел ойыны

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейімен бірлесіп 2024 жылдың 29 ақпанында қалалық «ӘЛИХАН және АЛАШ» зияткерлік үстел ойынын ұйымдастырды. Ойынның ашылу салтанатына қатысқан: Ойынның бірінші айналымына 58 оқушы қатысып, екінші айналымға өткен 12 қатысушы бір-бірімен сайысты. Қатысушылар ойын барысында Әлихан Бөкейхан мен Алаш қайраткерлерінің (А.Байтұрсынұлы, […]
Математика пәнінен 7-9 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» олимпиадасының қорытындысы

2024 жылдың 26 ақпан күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебімен бірлесіп математика пәнінен 7-9 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» олимпиадасының (әрі қарай-Олимпиада) қалалық кезеңін өткізді. Олимпиаданың мақсаты: Астана қаласынан математика пәні бойынша қабілетті балаларды анықтау, олимпиадалық резерв қалыптастыру. Олимпиадаға 82 астаналық білім беру мекемесінен 447 оқушы […]
«Сөз – ғажайып әлем» қалалық байқауының жеңімпаздары анықталды

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылы 24 ақпанда №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің базасында «Сөз – ғажайып әлем» қалалық байқауы өтті. Білім беру мекемелерінің 2-4 сынып оқушылары арасында өткен байқауға 269 үміткер қатысып, «Мықты болсаң, тауып көр», «Сөз мәйегі…», «Ұшқыр ой» номинациялары бойынша бақтарын сынады. 1. «Мықты болсаң, тауып […]
«Қадыр мұрасы» қалалық байқауы

2024 жылдың 9 қаңтарында Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасының алғашқы Әнұраны мәтінінің авторларының бірі, асыл сөздің иесі, публицист, сыншы, драматург, есімін туған халқының жүрегіне сұлу да сырлы өлеңдерімен өрнектеп жазып кеткен Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығына арналған «Қадыр мұрасы» қалалық байқауы өтті. Байқау «Астана дарыны» дарынды балалар […]
«Мұстафа Шоқай — бүкіл түркі жұртының ұлы перзенті» ІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

2023 жылдың 23 желтоқсан күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясымен бірлесіп ақын, Алаш ұлт‑азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, Түркістан (Қоқан) автономиясының алғашқы сыртқы істер министрі, кейін осы үкіметтің төрағасы, бүкіл түркі халықтары азаттық қозғалысының көсемі Мұстафа Шоқайға арналған «Мұстафа Шоқай — бүкіл түркі жұртының ұлы […]
Арнайы мектептердегі ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған «ШАМ-ШЫРАҚ» қалалық байқауының қорытындысы

Шам—шырақ деген тас жатыр, Теңіздің терең түбінде. Сүңгіп адам соны алар Шам қылуға түнінде, Май құйған шам сөнсе де, Шам—шырақ сөнбес өмірде. Байқаудың атауына берілген эпиграфтың тағылымды түйінінде ерекше балалардың үмітін маздататын шырағы жарық болсын деген тамызық ой жатыр. «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Тәуелсіздік күніне орай Астана қаласы әкімдігінің «№1 Арнайы мектеп-интернаты» КММ-мен бірлесе […]
10-11 сынып оқушыларына арналған республикалық «Алтын түлек» олимпиадасы өңірлік кезеңінің қорытындысы

10-11 сынып оқушыларына арналған республикалық «АЛТЫН САҚА» олимпиадасының өңірлік кезеңі қаламыздың бес ауданы бойынша іріктеліп, 2023 жылдың 02 желтоқсанда төмендегі мектептерде офлайн форматта өтті. №89 мектеп-лицейі – Есіл, Нұра аудандары;А.Байтұрсынов атындағы Binom school мектеп – лицейі – Алматы ауданы;№54 мектеп-лицейі – Сарыарқа, Байқоңыр аудандары.Мектепішілік кезеңнің қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсетіп аудандық кезеңге қатысқан 424 оқушының […]
Республикалық «Махамбет оқулары» байқауында елордалық дарын қола медаль иеленді

Бүгін республикалық «Махамбет оқулары» байқауы өз мәресіне жетті. Байқау 2023 жылы 29-30 қараша күндері «Таланттарды анықтау және қолдау» орталығының ұйымдастыруымен Атырау қаласында өтті. Махамбет Өтемісұлының ұлтына ұран болған рухы биік туындыларын жас ұрпақтың бойына сіңіру мақсатындағы өнер додасына Астана қаласынан 5 оқушы қатысты. Дәстүрлі шараға еліміздің облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан […]
Завершился республиканский этап XVI Президентской олимпиады по предметам естественно-математического цикла.

Серебряную медаль и грант на обучение завоевал Бахытбек Санжар, ученик школы-гимназии №30.Обладателями бронзовых медалей стали сразу 3 наших учащихся: Амангельды Мейрим– экономический лицей; Мозговой Роман – школа-лицей №27 иНурланулы Асанали – школа-лицей Binom имени А. Байтурсунова.Центр «Астана дарыны» поздравляет юных интеллектуалов с успешным выступлением, а также их учителей и родителей!
«Қазақ хандығы» қалалық турнирі

2023 жылдың 24 қарашасында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Қазақ хандығы» қалалық турнирін өткізді. Турнир Ілияс Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназиясымен бірлесе отырып 8-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Оқушылардың тарихи білімділігін, логикалық ойлау қабілетін арттырумақсатында өткен турнирге 37 ойыншы қатысты. Ойынның мақсаты – руларды, жүздерді біріктіру арқылы бірлікке қол жеткізуге […]