Астаналық дарындар оқушыларына арналған «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша Халықаралық ғылыми конкурсында
1 күміс,
5 қола медаль иеленді
2025 жылы 9-11 сәуір аралығында Астана қаласында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының (бұдан әрі – «Дарын» РҒПО) ұйымдастыруымен 9-11(12) сынып оқушыларына арналған «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша Халықаралық ғылыми конкурсы өтті
(бұдан әрі – ғылыми конкурс).
Ғылыми конкурстың негізгі мақсаты — ғылыми-зерттеу қызметіне қатысты балалардың және жасөспірімдердің қызығушылығын дамыту
; отандық және әлемдік ғарыш жетістіктерін насихаттау
; ғарыштық және ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты ынталандыру
.
Елордадағы әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының базасында өткен ғылыми конкурсқа Англия
, Ресей
, Қырғызстан
, Өзбекстан
елдерінен, Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан және «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен», республикалық физика-математикалық мектептерінен 100-ге жуық 9-11(12) сынып оқушылары қатысып, «Ғарыштық техника және инфрақұрылым», «Ғарыштық ақпараттық технологиялар және модельдеу», «Күн жүйесі және ғарыш физикасы» және «Биология және ғарыштық медицина» секциялары бойынша бақтарын сынады
.
Конкурсқа Астана қаласынан 6 оқушы қатысып, алтауы да жеңіс тұғырынан көрінді
. Олар:
ІІ орын:
Сулеймен Ханзере, 93 МЛ, 11-сынып; ІІІ орын:
Холматов Алишер, Ә.Бөкейхан ат. BINOM SCHOOL МЛ, 11-сынып;
Желдикбай Ерсаин, №9 «Зерде» МЛ, 11-сынып;
Ерғабыл Жалғас, №9 «Зерде» МЛ, 11-сынып:
Жөкен Қарлығаш, Ы.Алтынсарин ат. BINOM SCHOOL МЛ, 10-сынып;
Амангельдинова Камила, Ы.Алтынсарин ат. BINOM SCHOOL МЛ, 10-сынып.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!