Республикалық олимпиадаға қатысушылар Астанаға келді

  16 наурызда биология және физика бойынша республикалық пәндік олимпиадаға қатысушылар Астанаға келіп жатыр.
   Республикалық олимпиада – еліміздің  барлық өңірлерінің кіл үздіктері жиналатын қорытынды кезең.     
   Жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп оқушылары арасындағы республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі (бұдан әрі – олимпиада)  екінші жыл жаңа форматта еліміздің түрлі қалаларында  әртүрлі пәндерден өткізіліп келеді. Бұл формат – олимпиадалардың республикалық кезеңін ұйымдастырудың бір бөлігі. 
 «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының бұйрығына сәйкес жаратылыстану-математикалық бағыттағы олимпиада 3 қалада локализацияланады: Ақтау (информатика, химия); Астана (биология, физика), Алматы (математика, география). 
 2025 жылдың 16-21 наурызы күндері аралығында елордада биология және физика пәндері бойынша 323 жеңімпаз бен жүлдегер бақ сынасады. 
  «Биология» пәні бойынша оқушылар саны – 156: 9-сынып – 48; 10 сынып – 51; 11 сынып – 57, физика пәні – 167: 9 сынып – 53; 10 сынып – 57; 11 сынып – 57, оның 19-ы елордалық зияткерлер (биологиядан 6, физикадан 13).
  Астана қаласы қатысушыларды қабылдауға және олимпиаданың сәтті өтуі үшін барлық қажетті жағдайларды жасауға сақадай сай.

https://www.instagram.com/p/DHP6Zc4NEg3