Азия-Тынық мұхиты математикалық Халықаралық олимпиадасы және математикадан Халықаралық «Жібек жолы»

2025 жылдың 10-12 наурыз аралығында Алматы қаласында қашықтықтан Азия-Тынық мұхиты математикалық Халықаралық олимпиадасы және математикадан Халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасы өтті. Халықаралық олимпиадаларға Астана қаласынан 10 оқушы қатысты.
Олимпиадалардың мақсаттары:
а) математикаға дарынды оқушыларды анықтау, қолдау және ынталандыру;
б) мектеп оқушылары мен мұғалімдер арасындағы достық қарым-қатынас пен ынтымақтастықты дамыту;
в) мектептің оқу жоспары мен дәстүрлері туралы ақпарат алмасу үшін жағдай жасау.
Қашықтықтан Азия-Тынық мұхиты математикадан халықаралық олимпиадасының қорытындысы бойынша:
Алтын медаль – Шарел Марғұлан (Spectrum International school);
Қола медаль – Сайлаубай Бексұлтан, Алиасқар Сұлтанәлі (БИЛ ұл).

Математикадан Халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасының қорытындысы бойынша:
Алтын медаль – Шарел Марғұлан (Spectrum International school);
Қола медаль – Сайлаубай Бексұлтан, Алиасқар Сұлтанәлі (БИЛ ұл), Нығматуллаев Шадияр (Nurorda мектеп-лицейі).
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!