Астана қаласы Тоғызқұмалақ федерациясымен бірлескен IV «Бестемше» қалалық ұлттық ойыны жарысын «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау және анықтау орталығы №5 «Ақбота» балабақшасында 2025 жылдың 14 наурыз күні өткізді.
Ұлттық ойын жарысына аудандық кезеңде І, ІІ, ІІІ орынға ие болған жүлдегерлер қатысты.
Алты аудан бойынша іріктелген мықты ойыншылар арасында тартымды сайыс болды.
Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясы және халықаралық деңгейдегі жаттықтырушылардың төрелік етуімен IV «Бестемше» ұлттық ойын жарысы жеті айналымда олимпиадалық және швейцар жүйесімен бағаланды.
IV «Бестемше» қалалық ұлттық ойын жарысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
- Бас жүлде:
1 (№83 «Жансая» б/б);
- І орын:
2 (№84 «Кәусар», №44 «Үркер» б/б);
- ІІ орын:
4 (№21 «Гүлдер» б/б, №69 «Еркем-Ай» б/б, №66 «Толағай» б/б, №5 «Ақбота» б/б);
- ІІІ орын:
6 (№37 «Арман» б/б, №15 «Дарын» б/б, №82 «Айару» б/б, №25 «Таңшолпан», №65 «Бал бала» б/б, №17 «Ер Төстік» б/б);
- Грамота:
16 (№49 «Алтынай» б/б, №79 «Шабыт» б/б, №38 «Шаттық» б/б, №67 «Шұғыла» б/б, №87 «Қадыр» б/б, №75 «Балалық шақ» б/б, №56 «Береке» б/б, №61 «Шолпан» б/б, №6 «Көктем» б/б, №94 «Сұңқар» б/б, №18 «Аяжан» б/б, №16 «Шағала» б/б, №86 «Зияткер» б/б, №48 «Ақ көгершін» б/б, №70 «Құлыншақ» б/б, №92 «Жауқазын» б/б).
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар және медаль, Бас жүлде иегеріне «Астана дарыны» орталығының кубогі, ерекше жетістігін ескере отырып грамоталар табысталды.
IV «Бестемше» қалалық ұлттық ойын жарысының Бас жүлде, І, ІІ орын иегерлері мамыр айында ұйымдастырылатын Солтүстік өңірлері бойынша «Бестемше» ұлттық ойыны жарысына қатысады.
https://www.instagram.com/p/DHNyF5Xt6y8








