«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2025 жылы 15 наурызда №38 мектеп-лицейінің базасында 5-8 сынып оқушыларының арасында республикалық «ProEco» конкурсының қалалық кезеңі өтетінін хабарлайды.
Экологиялық проблемаларға қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды балаларды қолдау мақсатында ұйымдастырылатын конкурсқа Астана қаласының білім беру мекемелерінен алдын ала өтінім берген оқушылар қатысады. Әр мектептен 2 жоба.
Конкурс 4 бағыт бойынша өтеді:
«Туған өлке табиғаты»
«Мені қоршаған әлем – ғажайып әлем»
«Үздік экологиялық бастама»
«Таза қала сізден басталады»
Жобаны қорғау регламенті: 5–7 минут.
Тіркелу: сағат 8.15–9.00 аралығында.
Басталуы: сағат 9.00.
Өтетін орны: №38 мектеп-лицейі.
Мекенжайы: Астана қаласы, Ғ.Мүсірепов көшесі 8/2.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!
