[custom_breadcrumbs]

Қабілет

«Qabilet» кәсіби бағдарлау қызметінің парақшасы оқушыларға, ата-аналарға және педагогтарға арналған. Қызметтің мақсаты – балалар мен жастардың зияткерлік әлеуетін анықтау және дамыту. Мұнда сіз қабілеттерді диагностикалау, кеңес алу және білім беру траекториясын дұрыс таңдауға қатысты ақпарат таба аласыз.

Құрметті оқушылар мен ата-аналар!

Сіздерге қысқаша нұсқаулық ұсынамыз:

📌 Диагностикаға өтініш беру үшін Call-орталыққа келесі телефон нөмірлері арқылы хабарласыңыз:
📞 8-(7172)-20-26-83, 8-776-388-33-88.

📌 Call-орталықтың операторы сіздің мәліметтеріңізді ортақ базаға енгізіп, тестілеуден өту үшін ыңғайлы күн мен уақытты белгілейді.

📌 Тестілеуден 1 күн бұрын оператор сізге (мобильді байланыс немесе әлеуметтік желі арқылы) еске салу хабарламасын жібереді.

📌 Тестілеу күні:
🔹 Консультант оқушыларға нұсқаулық береді;
🔹 Жеке тестілеуді ұйымдастырады;
🔹 Нәтижелермен таныстырады және кеңес береді.

Интеллектуалдық әлеуетіңізді анықтайды және оны жүзеге асыру жолдарын ұсынады.
Сізге сәйкес келетін жоғары оқу орындары туралы ақпарат береді.

🎯 «Qabilet» – болашақ мамандықты дұрыс таңдаудың кепілі!

«Qabilet» қызметінің пилоттық мектептері

Білім беру ұйымдары

Педагог-психологтар

Байланыс

01

Школа-гимназия № 2

Нурушева Гульнара Жусуповна

02

Школа-гимназия №14

Абдуова Шолпан Тасбулатова

03

Средняя школа № 16

Хлопова Виктория Владимировна

04

Средняя школа № 18

Исаева Эльмира Курмановна

05

Школа-гимназия №20

Каиргожина Айгуль Каппасовна

Кәсіби бағдарлау қызметі Qabilet

Университеттерді таңдауға көмек

Баланың барлық қалауы мен қабілеттерін ескере отырып, ЖОО таңдау бойынша кеңес беру.

Баланың кәсіби дамуы

Қызығушылықтары, бейімділігі, қабілеттері мен мотивациясын бағалау арқылы мамандық таңдау бойынша нұсқаулық беру.

Тегін диагностика

7-11 сынып оқушыларына, түлектер мен талапкерлерге арналған зияткерлік қабілеттерді диагностикалау.