📍 Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2024 жылы 19 желтоқсанда Астана қаласындағы білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндерден республикалық ғылыми жобалар конкурсының ІІІ (тестілеу) кезеңін өткізеді.
🏢 Өтетін орны: Astana IT University
📬 Мекенжайы: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 55/11
🎓 Конкурсқа қатысушылар: Республикалық ғылыми жобалар конкурсы ІІ кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері.
📊 Формат: Әр пән бойынша үш деңгейлік күрделілікпен құрастырылған 60 тапсырма беріледі.
⏱ Тест орындау уақыты: 2 сағат (120 минут).
🌟 Максималды ұпай саны: 120.
🕘 Тестілеу екі ағымда өтеді:
1 ағым:
🕙 Сағат 10.00-12.00
📝 Тіркеу: Сағат 09.00-09.45
🔬 Секциялар:
- 👥 Адам және қоғам
- 🧬 Биология
- 🌍 Жер және ғарыш туралы ғылым
- 💻 Информатика
- 📐 Қолданбалы математика
- ➗ Математика
- 📚 Орыс әдебиеті
- 🔭 Физика
- 🧪 Химия
- 💼 Экономика
2 ағым:
🕑 Сағат 14.00-16.00
📝 Тіркеу: Сағат 13.00-13.45
🔬 Секциялар:
- 📖 Қазақ әдебиеті
- 🖋 Қазақ тілі қазақ мектебінде
- 🖋 Қазақ тілі орыс мектебінде
- 🌱 Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы
- 📘 Орыс тілі орыс мектебінде
- 📘 Орыс тілі қазақ мектебінде
- 🗺 Өлкетану
- 🏺 Тарих
- ⚙️ Техника
- 🌐 Тіл білімі (ағылшын тілі)
- 🧩 Этномәдениеттану қазақ мектебінде
- 🧩 Этномәдениеттану орыс мектебінде
📌 Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз! 🎉