📢 Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының ІІ (қалалық) кезеңі

🏫 Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2024 жылы 29 қарашада Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының базасында жалпы орта білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық ІІ кезеңін (бұдан әрі — Конкурс) өтетінін хабарлайды.

📚 Конкурс 4 бағыт 16 секция бойынша өткізіледі:
1️⃣ «Ғылыми-техникалық прогресс экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде»

(🔭 физика, ⚙️ техника, 🌍 жер және ғарыш туралы ғылым)
2️⃣ «Экономикалық және әлеуметтік үрдістерді математикалық модельдеу»
(➗ математика, 📐 қолданбалы математика, 💻 информатика, 📊 экономика)
3️⃣ «Салауатты табиғи орта – «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асырудың негізі»
(🧪 химия, 🧬 биология, 🌱 қоршаған ортаны қорғау және 🚑 адам денсаулығы)
4️⃣ «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік машруттар»
(📜 тарих, 🧑‍🤝‍🧑 адам және қоғам, 🗺️ өлкетану, 🏛️ этномәдениеттану, 🖋️ тіл білімі, 📖 әдебиет).
👩‍🎓 Конкурсқа: 526 жоба, 650 оқушы қатысады.

📍 Өтетін орны: Астана қаласы, А. Иманов көшесі, 37.
⏰ Тіркеу: сағат 08.00 – 08.30 аралығында.
🎓 Басталуы: сағат 09.00.