«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы іс -шаралар жоспарына сәйкес ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің ақсұңқары Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығына арналған 8-11 сынып оқушылары арасында қалалық Сәкен оқуларын (бұдан әрі – Оқулар) өткізеді.
Өтетін мерзімі: 12.11.2024 ж., басталуы сағ.09.00.
Өтетін орны: Астана қаласы, С. Сейфуллин атындағы № 80 мектеп-гимназиясы (Ш. Қосшығұлұлы көшесі 17/2) және Бірлескен мұражайлар дирекциясы» МКҚК Сәкен Сейфуллин мұражайы құрылымдық бөлімшесі (Мұхтар Әуезов көшесі 20).
Оқулар мақсаты – Сәкен Сейфулиннің өмір жолы мен шығармашылығын, әдеби мол мұрасын жаңғырту, насихаттау, құндылықтарын дәріптеу, талантты, шығармашыл балаларды анықтау және қолдау.
Оқулар ережеге сәйкес төрт номинациядан тұрады:
— «Сәкен-жыр сұңқары»;
— «Сәкеннің сырлы әндері»;
— «Арқаның асау тұлпары»;
— «Болмасаң да ұқсап бақ».
Оқуларға 100 мектептен 156 оқушы қатысқалы отыр.
Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясының технология пәнінің мұғалімі Тақау Мүнираның жетекшілігімен 8-сынып оқушылары Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойына арнап 2700 квадратты құрақшалармен 2 айда ақынның портретін құраған болатын. Оқулар аясында осы шығармашылық жұмыстың тұсаукесер рәсімі өтеді.
Оқулардың арнайы қонағы: ақын, драматург, актер, Сәкентанушы Қанат Жүнісов.
Оқулар мемлекеттік тілде өтеді.