«Алматы кереметі» («Алматинское чудо») кітабының презентациясы

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы  2024 жылы 18 қазан күні сағат 15.00-де №9 «Зерде» мамандандырылған лицейі базасында жазушы, журналист Әсет Сыздықовтың «Алматы кереметі» («Алматинское чудо») кітабының презентациясы өтетінін хабарлайды.

«Алматы кереметі» («Алматинское чудо») роботехника бойынша ерекше жетістікке жеткен «Шабдалы» мектеп командасы туралы көркем әңгіме.

2022 жылдың қазан айында Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 5 оқушысы роботехника бойынша Женевада өткен халықаралык турнирде өнер көрсетіп, үздік нәтижеге қол жеткізген. Кітапта осы қарапайым мектеп оқушыларының бірегей роботты қалай ойлап тапқаны, қалай жаттыққаны және әлемнің 180 елінің ең мықты робототехниктерін қалай жеңгендері баяндалған. Кездесуде автор кітаптың жазылу тарихына тоқталып, мектеп командасы туралы кітап жазу идеясының калай пайда болғанын, кітап кейіпкерлерімен кездескендігі, материалдарды жинау және кітап шығару барысында қандай қиындыктарга тап болғанын баяндайды.

Қазіргі таңда оқушылардың робототехникаға кызығушылығы артып отырғанын ескерсек, кездесудің мектеп оқушылары үшін пайдалы болатынына сенімдіміз.

Кездесу соңында кітап сатып алып, автордың қолтаңбасын алуға мүмкіндіктеріңіз бар.

Өтетін орны: Астана қаласы, Төле би көшесі 26, №9 «Зерде» мамандандырылған лицейі.