І «Өркен» қалалық байқауын

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы  білім беру мекемелерінің 8-10 сынып оқушылары арасында         І «Өркен» қалалық байқауын (әрі қарай – Байқау) өткізетінін хабарлайды. 

«Өркен» байқауының  мақсаты — журналист, сахна жүргізушісі болуға ынталы жасөспірімдерді анықтау және қолдау.

Байқау мемлекеттік тілде өтеді.

Әр білім беру мекемесінен 1 оқушы қатысады.

Байқау екі кезеңде өтеді:

Бірінші – іріктеу кезеңі (онлайн);

Екінші – қорытынды кезең.

Іріктеу кезеңіне Байқауға қатысушы «Астана – елімнің жүрегі» тақырыбына бейнеролик (автордың қатысуымен) ұсынады. Автор бейнероликте елорданың  мәдени, демалыс орындары, сәулетті ғимараттары  жайлы (тек бір ғана мәдени орын немесе  бір  ғимарат туралы) өзі әңгімелеуі қажет.

Бейнероликке қойылатын талаптар:

—  mp4 немесе avi пішімі;

—  ұзақтығы 3-5 минуттан аспайды;

— бейнероликтің тақырыбын, авторын және мекеменің атауын көрсететін титулдық кадрдың болуы;

— бейнеролик you tube  арнасына жүктеліп, сілтемесі сұраныста көрсетілуі қажет.

Іріктеу кезеңіне қатысу үшін сұранысты 2024 жылы 25 қазанға дейін https://forms.gle/BKhhzYj9MPAzAx1a7  сілтемесі арқылы тіркеу қажет.