«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының қалалық кезеңі

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2024-2025 оқу жылындағы жұмыс жоспарына сәйкес оқу пәндерінің авторлық бағдарламаларын құрастыратын үздік мұғалімдердің алдыңғы қатарлы тәжірибесін анықтау және тарату мақсатында ағымдағы жылдың қыркүйек — қазан айларында «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсын (бұдан әрі-Конкурс) өткізеді.

Конкурс екі кезеңнен тұрады:

1.       сараптама (01 — 10.10.2024 ж.);

2.       қорытынды (30.10.2024 ж.).

Конкурсқа еңбек өтілі 5 жылдан кем емес (конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес) елордалық жалпы, арнайы және техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері, балабақша тәрбиешілері, қосымша білім беру ұйымдарының және оқу-әдістемелік орталықтарының әдіскерлері, мектеп басшылары, басшылардың орынбасарлары қатыса алады.

Ұсынылатын авторлық бағдарламалар таңдау, арнайы, элективті, қолданбалы курстар бойынша өтеді.

Аталған Конкурсқа әр білім беру ұйымдарынан 16 адам қатысады (әр бағыт бойынша 2 педагог).