Астана дарындарыАлматыға аттанды

2024 жылдың 16-18 маусым күндері Алматы облысы Райымбек  ауданы Қарасаз ауылында өтетін республикалық М.Мақатаев оқуларына Астана қаласынан 3 оқушы қатысады.

Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру және мектеп оқушылары арасында М.Мақатаев шығармаларын насихаттау мақсатында ұйымдастырылатын байқауға қалалық кезеңнің жеңімпаздары: №57 орта мектебінің 10 — сынып оқушысы Енсебаева Гулназ –  «Айтып өткен ақында арман бар ма?», №24 орта мектебінің 9 — сынып оқушысы Әмзехан Анель –  «Жыр эстафетасы» және№76 мектеп-гимназияның 10 — сынып оқушысы Қайратұлы Абылай – «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды» номинациялары бойынша бақтарын сынайды.

Жас дарындарға  сәттілік тілейміз!