Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған І «BalаSkills» қалалық чемпионаты

       Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі аясында Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған І «BalаSkills» қалалық чемпионаты 2024 жылдың 3 маусымында «Робототехника шебері», «Ұлттық өрнектер ою  шебері», «Шебер суретші», «Шебер аспаз», «Шебер фитодизайнер», «Кәдесый өнімдерінің шебері» құзыреттіліктері бойынша ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасында ұйымдастырылады, «Шебер құмырашы» құзыреттілігі бойынша Binazir Artschool гончар және керамика мектебінде өтеді.

      Ерте жастан кәсіптік бағдар беру және балалардың болашақта заманауи  еңбек кәсіптерін игеруге қызығушылығын арттыруға мүмкіндіктер жасау мақсатына бағытталған І «BalаSkills» қалалық чемпионатына

7 құзыреттілік бойынша барлығы 41 бала қатысады.

Шығармашыл балаларға сәттілік тілейміз!