Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған XVІІ «Жұлдызды жол» қалалық интеллектуалдық олимпиадасының қорытындысы

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған XVІІ «Жұлдызды жол» қалалық интеллектуалдық олимпиадасы 2024 жылдың 21 мамыр күні №57 «Нұр-Ай» балабақшасында өтті.

        Олимпиаданың қорытынды кезеңіне аудандық кезеңнің І,ІІ,ІІІ орын жүлдегерлері қатарынан мемлекеттіктілде тәрбие мен білім беретін мектепке дейінгі  ұйымдардан 31, орыс тіліндегі топтардан 17 тәрбиеленуші, сонымен қатар биыл алғашқы рет мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жекеменшік балабақшалардан 10 бала, барлығы 58 тәрбиеленуші қатысты.

Қатысушылар ұйымдастырылған оқу іс — әрекетіне қарай жұлдызды жол бекеттеріне кезекпен тоқтап, тілдік қорын, математика және логикалық, шығармашылық ойлауын,  қоршаған орта туралы түсінігін қамтыған тапсырмаларды  орындады.

     Тәрбиеленушілердің жинаған ұпай санына сәйкес жүлдегерлер анықталды.

Мемлекеттік балабақшалар арасында қазақ  тілінде оқып, тәрбиеленетін 31 қатысушының 19-ы жүлдегер, 9 бала грамотамен марапатталды: 

І орын -3 (№54 «Нұр-Ай» б/б, №85 «Мейіржан» б/б,№7 «Аққу» б/б);

ІІ орын –7 (№90 «Еркежан» б/б,№37 «Арман» б/б,№31 «Ақ сұңқар» б/б,№8 ”Думан” б/б,№93 «Айгөлек» б/б,№11 “Гауһар” б/б,№17 «Ер-Төстік» б/б);

ІІІ орын – 9 (№60″Арай»б/б,№30″Қайнар» б/б,№74 «Дәурен» б/б,№44 «Үркер» б/б,№47«Ақ желкен»  б/б,№73 «Аяулым» б/б), №69 «Еркем-ай» б/б, №2 «Батыр» б/б,№45 «Самұрық» );

Грамота – 9 (№80 «Ботақан» б/б, №65 «Бал бала» б/б, №38 «Шаттық» б/б, №66 “Толағай” б/б, №52 “Еркетай” б/б, №49 «Алтынай» б/б, №15 «Дарын» б/б, №95 «Алматы» б/б, №98 «Мирас» б/б).

   Орыс тілінде тәрбие мен білім беретін мектепке дейінгі ұйымдардан 17 тәрбиеленуші қатысып, 12-сі  жүлдегер, 4 бала грамотамен марапатталды:   

І орын – 3(№33 «Алтын дән»б/б, №68 «Балбұлақ»б/б, №21 «Гүлдер»б/б);

ІІ орын -5 (№23 «Алтын бесік»б/б, №53 «Мерей» б/б, №35 «Ертегі»б/б, №2 «Батыр»б/б, №32 «Балдәурен»б/б);

ІІІ орын -4 (ҚР ПІІБ МО «Қарлығаш»б/б, №6 «Көктем» б/б, №34 «Ақ бидай» б/б, №54 «Нұр-Ай» б/б);

 Грамота – 4(№72 «Жанарым»б/б, №25“Таңшолпан”б/б, №24 «Айналайын»б/б,  №8 «Думан’б/б).

    Мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жекеменшік балабақшалар арасында қазақ  тілінде оқып, тәрбиеленетін 6 қатысушының 3-і жүлдегер, 1 бала грамотамен марапатталды: 

ІІ орын – 3 («ИРСУ» ЖШС «Аруана» б/б, ЖШС  «Рауан 2014» «Kidz n totz Galamat» б/б, «Alpamys school» ЖШС б/б);

Грамота – 1 («Ақ көгершін ДОК» ЖШС б/б).    

Орыс тілінде тәрбие мен білім беретін мектепке дейінгі ұйымдардан 4 тәрбиеленуші қатысып, 2-і жүлдегер, 1 бала грамотамен марапатталды:   

ІІІ орын -2 («Жанел» б/б,  «Alpamys school» ЖШС б/б);

Грамота – 1 (Kidz’n’totz б/б).

  XVІІ «Жұлдызды жол» қалалық интеллектуалдық олимпиадасының аудандық кезеңін өткізуде белсенділік танытып, қосқан үлесі үшін №54 «Нұр-Ай»» балабақшасы (меңгерушісі М.Бакитова) ұжымына алғысымызды білдіреміз.

Кішкентай білімпаздардың жеңісі құтты болсын!