«Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының қорытындысы

Қиялы ұшқыр, қаламы жүйрік білімді һәм белсенді шәкірттердің басын қосатын «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасы 21-22 мамыр аралығында Астана қаласында өтті. Аталмыш олимпиадаға, Елорда атынан 11 оқушы қатысып, 1 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль иеленді:
«Әнші бұлбұлдар» номинациясы бойынша:
І орын Рамазан Томирис-№3 МГ;
ІІ орын Асылбек Аяужан-№67 Г;
«Жас қаламгер» номинациясы бойынша:
ІІ орын Камалұлы Асылғали-БИЛ (ұл);
ІІІ орын Абдухаликова Айша-№93 МГ;
«Сөз шеберлері» номинациясы бойынша:
ІІІ орын Актаева Эльвира Қ.Сәтбаев атындағы BINOM SCHOOL МЛ;
ІІІ орын Балтабай Мұхаммедкәрім-Ә.Кекілбаев атындағы BINOM SCHOOL МЛ.
Сонымен қатар дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11- сынып оқушысы Камалұлы Асылғали Сулейман Демирель университетінің грантын иеленді. Республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының ақтық кезеңінде үздіктер қатарынан көрінген Астана қаласының командасы «Ең үздік команда» атанды.

 ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ💐