«Scratch ортасында бағдарламалау»зияткерлік-шығармашылық байқауы


«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы №59 мектеп-лицейімен бірлесе 2024 жылдың 18 мамырында мемлекеттік білім беру мекемелерінің 3-5 сынып оқушылары арасында «Scratch ортасында бағдарламалау» зияткерлік-шығармашылық байқауын өткізеді. Байқау оқушылардың танымдық, зияткерлік, шығармашылық бастамаларын жандандыру және дамыту, Scratch-бағдарламалау саласындағы идеяларын іске асыруға жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Scratch бағдарламалау арқылы оқушылар АКТ құралдарын өздерінің оқу әрекетінде саналы, әрі тиімді түрде қолдану дағдыларын қалыптастырады.
«Scratch ортасында бағдарламалау» зияткерлік-шығармашылық байқауына елорда білім беру мекемелерінен 201 қатысушы (3 сынып – 67, 4 сынып – 72, 5 сынып – 62) тіркелді.
Өтетін орны: № 59 мектеп-лицейі (Сауран көш., 5/1)
Басталуы: сағ.09.00.
Тіркеу: сағ.08.15-08.45.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер болған оқушылар «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау орталығының І, II, III дәрежелі дипломдары және грамоталарымен марапатталады.