Талдықорған қаласында өтетін республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауында Астана қаласынан 5 оқушы бақ сынайды

2024 жылы 15-17 мамыр аралығында ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылар арасында өтетін республикалық «Ілияс Жансүгіров» байқауына қатысу үшін астаналық дарындар Талдықорған қаласына аттанды.
Оқушылар арасында Ілияс Жансүгіров шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, тума таланттары мен табиғи дарындарын анықтау мақсатында өтетін байқауға елордалық 5 оқушы қатысады.
Астана қаласындағы №64 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Аманбай Айзере — «Ілияс — қарасөз шебері»; №63 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Бектұрған Диана — «Сұлу сөздің сүлейі»; №87 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Азаматқызы Саяжан — «Ілияс – эпик ақын»; 11-сынып оқушысы Мисалбек Назар — «Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап»; №69 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Исан Аружан – «Заманның заңғар тұлғасы» номинациялары бойынша сайысқа түседі.
​Байқауға қатысушыларға сәттілік тілейміз!