2024 жылы 15-16 мамыр аралығында ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Павлодар қаласында республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауы өтеді.
Қазақ руханиятын дамытуға үлкен үлес қосқан рухани қайраткер Мәшһүр- Жүсіп Көпейұлы мұралары арқылы жас ұрпаққа ел өткенін таныту, дала танымын насихаттау мақсатында өтетін байқауға Астана қаласынан 4 оқушы қатысады.
Елордадағы №79 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Жанель Серикбаева — «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген», №8 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Аймжан Шынболат — «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы», №10 мектеп-гимназиясының 9- сынып оқушысы Аружан Барзу -«Білімді зерек адам болам»-десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен», №51 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Мәди Садық — «Мәшһүр Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» бағыттары бойынша бақтарын сынайды.
Жас дарындардың жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспіз.