«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Б. Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиямен бірлесіп 2024 жылдың 20 сәүір күні Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы зертханасы бойынша білім алушылар арасында «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» ауызша командалық олимпиада (әрі қарай – Олимпиада) өтті.
Олимпиаданың мақсаты: білім алушылардың жалпы пәндер (қазақ, орыс, ағылшын тілдері, қазақ әдебиеті, тарих, математика) бойынша бәсекелесе алу қабілетіне жол ашу, дарынды балалардың ғылыми-танымдық белсенділігін қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды саралай, бағалай білуге баулу.
Елорданың 1-7 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылып отырған олимпиадаға қатысқан 238 оқушы төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді:
1 сынып бойынша:
I орын — 28;
II орын -28;
III орын -28.
2 сынып бойынша:
I орын — 5;
II орын -5;
III орын -5.
3 сынып бойынша:
I орын — 10;
II орын -10;
III орын -10.
4 сынып бойынша:
I орын — 11;
II орын -11;
III орын -11.
5 сынып бойынша:
I орын — 3;
II орын -3;
III орын -3.
6 сынып бойынша:
I орын — 2;
II орын -2;
III орын -3.
7 сынып бойынша:
I орын — 1;
II орын -1;
III орын -1.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының І, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз!