2024 жылдың 29 ақпанында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Әлихан Бөкейхан атындағы № 76 мектеп-лицейімен бірлесіп қалалық «ӘЛИХАН және АЛАШ» зияткерлік үстел ойынын өткізеді.
Мақсаты: жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында Әлихан Бөкейхан мен Алаш қайраткерлерінің өмір жолына қызығушылықтарын ояту, шығармаларын насихаттау, оқушылардың әдебиеттік шығармаларға құштарлығын арттыру.
Міндеттері:
— мектеп оқушыларына Ұлт көсемі, мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхан және Алаш қайраткерлерінің тарихи ерліктерін насихаттау;
— жаңа буынның патриоттық сезімін ояту, тәуелсіздік жолында қызмет еткен тарихи тұлғаларға деген құрметті дәріптеу;
— Әлихан Бөкейханның еңбектерін зерттеп, терең меңгеруге қызығушылығын ояту.
Ойында 3 бағыт бойынша сұрақтар болады:
- «Ұлт көсемі — Әлихан» — Әлихан Бөкейханның өмірбаяны мен шығармашылығы;
- «Ұраны – АЛАШ, мұраты — азаттық» — Алаш қайраткерлері (А.Байтұрсынұлы, Ш.Құдайбердіұлы, М.Шоқай, С.Сәдуақасұлы, Қ.Кемеңгерұлы, М.Дулатұлы, Б.Майлин, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Х.Досмұхамедұлы, Х.Ғаббасұлы, М. Тынышбайұлы) өмірбаяны;
- «Алаш тағылымы» — Алаш қайраткерлерінің шығармашылығы.
Ойын 2 айналымнан тұрады:
1 айналым – (әр мектептен келген оқушылар бір-бірімен сайысады);
2 айналым – (жеңімпаздар арасындағы сайыс).
Ойын ережеге сәйкес 8-10 сынып оқушылары арасында мемлекеттік тілде өтеді және әр білім беру мекемесі тек 1 қатысушы ұсынады.
Өтетін орны: № 76 мектеп-лицейінде (Түркістан көшесі, 10/1)
Басталуы: сағ.09.00
Тіркеу: сағ.08.15-08.45.