«Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасы қалалық кезеңінің қорытындысы

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2024 жылдың 05 қаңтарында №52 мектеп-гимназиясында «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебімен бірлесе отырып, бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының қалалық кезеңін өткізді.
Олимпиадаға аудандық кезеңнің І, ІІ орын иегерлері (58 білім білім беру ұйымдарынан 83 мұғалім) қатысып, нәтижесінде төмендегі жтістіктерге қол жеткізді:

І оын – 8;
ІІ орын – 12;
ІІІ орын – 17;
Грамота – 12.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!