«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығында 2023 жылдың 29 қараша күні арнайы мектептердегі ерекше білім алуды қажет ететін балаларға арналған «ШАМ-ШЫРАҚ» қалалық байқауына іріктеу бойынша қазылар алқасының жұмысы ұйымдастырылды.
Қазылар алқасының отырысында Астана қаласы әкімдігінің №1,№2,№3 арнайы мектептердегі ерекше білім алуды қажет ететін балалар арасынан вокал, хореография, мәнерлеп оқу номинациялары бойынша Ережеге сәйкес жас ерекшелігіне қарай 40 өнер шығармасының (81 өнерпаз) бейнематериалы қаралды.
«Вокал» номинациясы 6-10 жас арасында 4 өнерпаздың бейнематериалы қаралып,
3 вокалист (№№1,2,3 арнайы мектептері);
«Вокал» номинациясы 11-17 жас арасында 9 өнерпаздың бейнематериалы қаралып,
3 вокалист (№№1,2,3 арнайы мектептері);
«Хореография» номинациясы 6-10 жас арасында 4 би тобының бейнематериалы қаралып, 3 би тобы (№1 арнайы мектептен 2 қатысушы, №2 арнайы мектептен 1 қатысушы);
«Хореография» номинациясы 11-17 жас арасында 5 би тобының бейнематериалы қаралып, 3 би тобы (№1 арнайы мектептен 1 қатысушы, №2 арнайы мектептен 2 қатысушы);
Мәнерлеп оқудан 6-10 жас арасында 5 қатысушының бейнематериалы қаралып,
3 қатысушы (№1 арнайы мектептен 3 қатысушы);
Мәнерлеп оқудан 11-17 жас арасында 13 қатысушының бейнематериалы қаралып,
5 қатысушы (№1 арнайы мектептен 4 қатысушы, №2 арнайы мектептен 1 қатысушы), барлығы 20 өнер шығармасы (қатысушы саны-49) қазылар алқасының шешіміменқалалық байқауға жолдама алды.
«ШАМ-ШЫРАҚ» қалалық байқауында бейнематериал бойынша іріктеуден өткен финалистер және робототехникадан өтінімге тіркелген командалар 2023 жылдың 13 желтоқсан күні №1Арнайы мектеп-интернаты сахнасында бақ сынайды.