Арнайы мектептердегі ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған «ШАМ-ШЫРАҚ» қалалық байқауы

        «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Тәуелсіздік күніне орай Астана қаласы әкімдігінің «№1 Арнайы мектеп-интернаты» КММ-мен бірлесе отырып  дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының қолдауымен ерекше білім беруді қажет ететін балалардың потенциалдық мүмкіндігін қолдана білуін дамыта отырып, жетістікке жету ынтасын арттыру мақсатында «ШАМ-ШЫРАҚ» қалалық байқауын ұйымдастырып өткізетінін хабарлайды.

             Байқауға Астана қаласы әкімдігінің №1,№2,№3 арнайы мектептеріндегі ерекше білім алуды қажет ететін балалар  робототехника, вокал (жеке орындау), хореография, мәнерлеп оқу номинациялары бойынша жас ерекшелігіне қарай берілген Ережеге  сәйкес қатысады. Вокал (жеке орындау), хореография, мәнерлеп оқу  номинациялары ІІ турда ұйымдастырылады:

І онлайн (іріктеу) тур – қатысушылардың  аталған номинациялар бойынша бейнематериалдары  қаралып, келесі турға іріктеледі.

ІІ офлайн тур – І онлайн (іріктеу)  турынан өткендер қатысады.

Робототехникадан іріктеу туры болмайды, қатысушылар офлайн турда жарысады және жеңімпаз бен жүлдегерлер сол күні анықталады.

     «ШАМ-ШЫРАҚ» қалалық байқауына іріктеу туры бойынша 29 қараша күні «Астана дарыны» орталығында қазылар алқысының жұмысы ұйымдастырылады.

     Байқаудың офлайн турына бейнематериал бойынша іріктеуден өткендер және робототехника номинациясы бойынша өтінімге тіркелгендер қатысады.

     Байқаудың қалалық кезеңі 2023 жылдың 13 желтоқсан күні  №1Арнайы мектеп-интернаты базасында өтеді.