Елордалық оқушылар X «Ақберен» республикалық өнер байқауында 1 күміс, 2 қола медаль иеленді.


«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 24-26 қараша күндері  Ақтау  қаласында X «Ақберен» республикалық өнер байқауы өтті.
Байқауға Астана қаласынан қатысқан 6 үміткердің үшеуі жүлделі орындарды иеленіп, жеңімпаздар қатарынан көрінді.
«Ақындар мүшәйрасы» номинациясында № 87 мектеп-лицейінің 9- сынып оқушысы Мақсұтханова Айғаным II орын, «Ақындар айтысы» номинациясында № 83 мектеп-гимназиясының 11- сынып Әсет Берік пен «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясында №86 мектеп – гимназиясының 11 — сынып оқушысы Джапенова Меруерт III орын иеленсе, «Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша № 64 мектеп-лицейінің 10 — сынып оқушысы Аманбай Айзере грамотамен марапатталды.
Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз!