V республикалық «Ділмар» шешендік  өнер байқауы  өтіп жатыр

2023 жылдың 19-22 қараша күндері  Алматы қаласында   V республикалық «Ділмар» шешендік  өнер байқауы өтіп жатыр.

Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернатының базасында ұйымдастырылған шараға Астана қаласынан М. Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Шүкір Даяна қатысуда.

Оқушылардың бойында  сөйлеу мәдинетін қалыптастыру, сөз өнерінің ерекшелігі мен жүйелі сөз саптау шарттарын меңгерту мақсатында осымен бесінші рет өкізіліп отырған шараға еліміздің барлық облыстары мен республикалық маңызы бар қалалардан 1 үміткерден қатысып, бақтарын сынайды.

Даянаға республикалық сайыста сәттілік тілейміз!