«Бейімбетті білмек парыз» Бейімбет Майлин оқулары

2023 жылдың 23 қараша күні «Астана дарыны»  дарынды балалар мен талантты жастарды   анықтау және қолдау орталығыБ.Майлин  атындағы  №52 мектеп-гимназиясымен бірлесіп 8-11сынып оқушылары арасында  «Бейімбетті білмек парыз» Бейімбет Майлин оқуларын (бұдан әрі – Оқулар) өткізеді

Мақсаты – мектеп оқушыларын жазушының  тарихи және әдеби мұрасымен таныстыру, шығармаларының  рухани  құндылықтарын  жас ұрпақтың бойына сіңіру, оқушылардың шығармашылық зерттеу, ғылыми қабілеттерін арттыру, әдеби тіл байлығын кеңейту.

  Оқулар 4 номинация бойынша өтеді:

1.     «Өткір ой, ұшты қалам» — жас ақындар  номинациясы;  

2. «Бейімбетті білмек парыз» — жазушының еңбектері бойынша шығармашылық зерттеу  жұмыстары номинациясы;

3.     «Өмірді шынайы өрнектеген тұлға»  — эссе жазу  номинациясы;

4. «Бейімбет – өз заманының ұлы суреткері» –буктрейлер байқауы.

Өтетін орны:  Б.Майлин  атындағы  №52 мектеп –гимназиясы (Бурабай көшесі, 38)

Тіркеу: сағ. 8:30 – 9:00

Басталуы: сағ. 09:00