«Қазақ хандығы» қалалық турнирі

«Астана дарыны»  дарынды балалар мен талантты жастарды   анықтау және қолдау орталығы Ілияс Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназиясымен   бірлесіп 2023 жылдың 24 қарашасында   8-10 сынып оқушылары арасында  «Қазақ хандығы» қалалық турнирін өткізеді. Ережеге сәйкес турнирге әр мектептен 1 баладан қатысады. Турнир мемлекеттік тілде өтеді.

Турнирдің  мақсаты: оқушылардың тарихи білімділігін,  логикалық ойлау қабілетін арттыру, ойын арқылы тарихи танымын дамыту.

 «Қазақ хандығы» — қазақ   халқының тарихы мен мәдениетіне негізделген ойын. Ойында  қарсыласқа барымта жасау сияқты қазақ халқының салт-дәстүрі ескерілген. Сонымен қатар «көрімдік», «қалың мал», «тойбастар» карталарын аша отырып, қарсыласыңызға қолқа салып, ұпай жинауыңызға болады. Қатысушылар ойын арқылы-ақ хандыққа бастар жолдың оңай емес екенін түсінеді.           Оқушылардың адамгершілік, құндылық түсініктерін дамытатын, әлеуметік-мәдени маңызы зор турнирге қатысуға елорда мектептерінен 30 оқушы тіркелді. Қатысушылар «Қазақ хандығы» ойынының ережесімен таныс болуы керек.

Қатысушылар:

1. Мектеп формасында,  екінші аяқ киіммен;  

2. Әр қатысушы өз «Қазақ хандығы» үстел ойынын алып келуі қажет.

Өтетін орны: Ілияс Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназиясы (Ақан сері көшесі, 22).

Тіркеу: сағ. 8:30-8:45

Басталуы: сағ. 09:00