Елордалық оқушылардың жеңісі

2023 жылдың 20 қазанында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің базасында 7-11 сынып оқушылары үшін геометриядан X Иран олимпиадасы өтті. Қазақстанда бұл олимпиадаға Алматы, Астана, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Көкшетау, Тараз, Павлодар, Түркістан, Шымкент, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Семей, Өскемен қалалары мен облыстарынан 1078 оқушы қатысуға мүмкіндік алды.

Тапсырмалар күрделілігіне қарай үш деңгейге бөлінеді:

  • 7-8 сыныпқа арналған «Junior» деңгей (Elementary Level);
  • 9-10 сынып үшін «Middle» деңгейі (орташа деңгей);
  • 11-сыныпқа арналған «Senior» деңгейі (жетілдірілген деңгей, Иранда 11-12 сыныптар).
    Олимпиаданың нәтижелері әр деңгей бойынша бөлек шығарылады. Содан кейін әр деңгейдің күрделілігі бойынша ең жақсы төрт жұмыс бүкіл әлем бойынша қорытындылау үшін Иранға жіберіледі.
    7-8 сыныпқа арналған «Junior» деңгейі бойынша көрсеткен нәтижесі:
    Дарынды ер балаларға арналған «Білім инновация» мектеп-лицей интернатының оқушылары:

І орын-Амирхан Қудайбергенов;
І орын -Ануар Ағыбайев;
ІІ орын Султанали Галиаскар;
ІІІ орын -Аман Есенгелді;
ІІІ орын -Александр Олейников.

9-10 сынып үшін «Middle» деңгейі бойынша көрсеткен нәтижесі: Дарынды ер балаларға арналған «Білім инновация» мектеп-лицей интернатының оқушылары:
ІІ орын — Ерасыл Алтынбек;
ІІІ орын -Абай Саятұлы;
ІІІ орын- Жантөре Мұрат.

11-12 сыныпқа арналған «Middle» деңгейі бойынша көрсеткен нәтижесі:
Дарынды ер балаларға арналған «Білім инновация» мектеп-лицей интернаты, «NURORDA» мектеп-лицейі, №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінің оқушылары:
ІІ орын — Олжас Махажанов;
ІІІ орын – Молдабек Әділбек;
ІІІ орын – Алимов Алихан.

Жас математиктерді жеңісімен құттықтаймыз!